Алыстағы Америка үндістері туралы не білеміз
Жақында іссапармен Америка Құрама Штаттарына, дәлірек айтқанда Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларына барып қайтуға жол түсті. Бұл ғажайып шаһарлар туралы сан айтылып, сан жазылып жүрсе де әркімнің әсері әртүрлі, әрине.
Осы жаққа жүрерде елдің тарихына байланысты бірнеше кітапты парақтаған едік. Сонда соңғы екі жарым ғасырда болмысы мен сипаты күрт өзгерген мемлекеттің ежелгі тұрғындары үндістердің өткенімен...
