Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру
Кейде біз қалта ұрыларының құрбаны болып, әмиянымыздан немесе өзіміздің ұқыпсыздығымыздан сөмкемізді ұмыт қалдырып, айрылып жатамыз, мысалы көпшілік көлікте. Бұл сияқты жағдайларда заттармен бірге жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б. құжаттар да жоғалып жатады. Осы мақала жеке куәлікті жоғалтқанда немесе ол ұрланғанда қалпына келтірудің жолдарын көрсетеді. Жеке куәліктің жоғалуы немесе ұрлануына байланысты – ХҚКО-на тапсырылуы тиіс құжаттар тізімі түрленеді. Ұрланған жағдайда бірінші кезекте тұрғылықты жеріңіз бойынша АІІД бөлімшесіне жүгіну керек, ол жерде тергеуші сізге құжаттың ұрланғаны туралы анықтама береді. Әрі қарай негізгі құжатты қалпына келтіру үшін тіркелу орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару керек. Алдын-ала 1414 нөмірі бойынша Мемлекеттік қызметтерд…








