Тамара Асардың шығармашылық ән кеші
Тамара Асар мен сахналас достары Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай, Асылбек Еңсепов, Тамара Гвердцители, «Жорға» би тобы мен «Сазген сазы» мемлекеттік ансамбль ұжымы өнерлерін ортаға салады. Тамара Асарды қай аймақ болмасын, қуанышпен күтіп алады.
Халық әншіні ерекше дауысы мен тартымды әндері үшін «біздің Тамара» деп атайды. Ата-анасы оны Сақ пайтшайымы Томирис және Грузия патшайымы Тамараның құрметіне осылай атаған. Тағдырдың сынағынан сүрінбей өтіп, қиындықтарды еңсере білген Тамараның өжеттілігі сабырлы, салмақты болуға үйретті.

Өзінің танымал болуын әнші: «Шығу тегінді білсең, тіліңді жақсы көрсең, әнді де қалай орындау керек екенін білесің», - деп түсіндірген екен.
15 желтоқсан, 23.00-де Тамара Асардың «Елімнің бір еркесі мен боламын!» деп аталатын шығармашылық ән кешін көріңіздер!
