«Атомдық және энергетикалық бағдарламаларға мүдделі ұйымдарды тартумен байланысты негізгі түсініктер» тақырыбындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА)семинары
2014 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қазақстанның ядролық қоғамымен бірлесе отырып ұйымдастыруымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) «Атомдық және энергетикалық бағдарламаларға мүдделі ұйымдарды тартумен байланысты негізгі түсініктер» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Ядролық физика институты» РМК-ның өкілдері қатысты. Семинарда Қазақстанның атомдық энергетикалық бағдарламасының мәртебесі, ядролық коммуникацияларға шолу, қоғамдық пікірлерді талдау, БАҚ-пен өзара әрекеттесу формасы, жергілікті халықт…