«Жаңа-Ру» жастар коалициясының кезекті ІІІ есеп беру конференциясы өтті
10 желтоқсан 2014 жылы «Жаңа-Ру» жастар коалициясының кезекті ІІІ есеп беру конференциясы өтті. Конференцияда Коалицияның 2014 жылы атқарған іс-шаралары мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының әлеуметтік жобасының қорытындысы бойынша есебін берілді. Сонымен қатар, жоба аясында ұйымдастырылған "Үздік эссе - 2014" байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталжды. Олар: 1 орын "ХҚКО" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының тәлімгері Ш.Елемес, 2 орын Жамбыл медициналық колледжінің студенті Д.Турсунбекова, 3 орын Абай атындағы Жамбыл гумантарлық колледжінің оқытушысы Р.Кендірбаева марапатталды. Сондай-ақ, Коалицияның дамуына және мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі үшін "Жамбыл Тараз" газетінің редакторы Э.Мырза-Ғали, Тараз қаласының Әділет басқармасының басшысы Г.Кушекова және ЖПК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Куанышова Коалиция Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Есеп беру конференциясының қорытындысы бойынша Коялицияның 2014 жылы атқарған жұмысы бойынша қанағаттанарлық деген баға берілді.

