Есірткі затын сақтағаны және өткізгені үшін 10 жылға бостандығынан айырылды
Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 297-б. 3-б. 3-т. (аса ірі көлемде есірткі затын заңсыз алу, сақтау, өткізу) бойынша айыпталған 1970 жылы туылған Э.Мустафаевқа қатысты үкім шығарды. Э.Мустафаев салмағы 47 келіден асатын кепкен марихуана мен 3 келіге жуық гашишті заңсыз иемденген. 2014 жылғы 2 қазанда сағат 11.00. шамасында Э.Мустафаев азамат И.-ға салмағы 69,90 грамм болатын марихуана сатқан.

