Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Мемлекет басшысы: Ұлттық банкке сенбейтіндей еш негіз жоқ

Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкіне сенетіндігін атап өтті.«Ұлттық банкке сенбейтіндей менде еш негіз жоқ. Мен өткен жолы да ескерткен болатынмын, қазіргі өткір кезеңде түрлі арандатулар, өсек-аяңдар, пәлеқорлықтың барлығы пайда әкелмейді. Біз оларды жауапкершілікке тартуымыз керек. Мен тағы да Қазақстан халқына жария етемін: біз ештеңені де жасырмаймыз. Қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және алда туындайтын мәселені ашық айтамыз», - деп тоқталған Президент, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу бағытындағы қабылданып жатқан шаралар жайында баяндағанын атап өтті.

Осы орайда Мемлекет басшысы түрлі алыпқашпа  әңгімелерге емес, ресми тұлғалардың мәліметіне сенім арту керектігін айтты.
Сөз соңында Елбасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу, экономиканың нақты секторын қаржылық ресурстармен қамту Ұлттық банктің бірінші кезектегі мақсаты екенін қадап айтты.

ҚазАқпарат

0
0
245

Осы тақырып бойынша

Мемлекет басшысы: Ұлттық банкке сенбейтіндей еш негіз жоқ - Yvision.kz