Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар-кеңес өткізілді.
18 ақпан күні 16.00-деСыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
