Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу басталды

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. «Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады», - деді ол. Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. «Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», - деді Қ.Тұрғанқұ…

0
0
279

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс

ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. Президент сайлауын жүргізуге қаражат республикалық бюджеттен бөлінетіндігін атап өткен ол: «Сонымен қатар президенттікке кандидаттар үгіт науқанын жүргізу үшін сайлау қорларын құруға құқылы. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің, азаматтар мен ұйымдар ерікті түрде көрсететін қаржылай көмекпен құрылады. Әрбір кандидаттың сайлау қорының мөлшері 577 млн. теңгеден аспауы тиіс», - деді. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша ел азаматтарына президенттік сайлауды жеткізу мақсатында…

0
0
334

Жоғарғы Сотта Әкімшілік процестік кодексінің таныстырылымы болды

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік кодексі жобасының (бұдан әрі – ӘПК) онлайн-таныстырылымы болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-kimshilik-procestik-kodeksinin-tanystyrylymy-boldy


0
0
435

Қазақстанда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарасы оңайлатылады

Қазақстанда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жұмыссыз ретінде тіркелген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтарға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақылар белгілеуге өтінімді өкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген кезде өткізу құқығын беру қарастырылған. Осы…

0
0
495

Парламент әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады. Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының «электрондық үкіметті» дамыту және мемлекет көрсететін қызметтерге азаматтардың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді. Құжатта азаматтарға мемлекеттік және жергілікті органдарда немесе зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда әлеуметтік-еңбек саласындағы 36 мемлекеттік қызметтің 16-сы бойынша өтінім беру және қызмет алу мүмкіндігін беруді, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), «Электрондық үкімет» порталы арқылы, медициналық-сан…

0
0
331

Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды

2015 жылғы 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық шарасы «Қазақстан – туберкулезден азат ел» ұранымен өткізіледі. Шара мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтауға қатысты қырағылығын арттыру; салауатты өмір салтын ұстануға және профилактикалық тексерістерді уақытында өтуге жағдай жасау; туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында емделудің тиімділігі, темекіден, есірткіден, алкогольдік ішімдіктен бас тарту, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі сияқты профилактикалық шаралар туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру болып табылады. Айлық шеңберінде республика бойынша МСАК ұйымдарының медициналық қызметкерлері үшін тубе…

0
0
363

«Аймақтағы білім»

24 ақпанда     «Жастар бастамаларын дамыту орталығында»  КММ «Аймақтағы білім»  атты ток – шоу өтті. Шараға аймақтағы оқу ордаларының басшылары,  ЖОО –ның студенттері, колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысты.

«Магистратура және бакалавриат», «Ауылдағы жастардың басты мәселелері», «Білімнің деңгейі», «Сапалы кәсіптік білім беру» жайлы ток –шоу барысында   айтылды .

Ток –шоуға  сарапшы ретінде Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мамандары, білікті ұстаздар келді.  Білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Жастарға мол ақпарат беретін пайдалы және танымды ток – шоу болды.

0
0
476

Біздің міндет халыққа қызмет!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Павлодар облыстық департаменті және «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»   Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Таза ҚОЛДАР» акциясын бастады.


Игі шараға  әлеуметтік –волонтерлық орталық,  скауттық қозғалыс, Павлодар облыстық жастар конгресі , «Жас Отан »  жастар қанатының мүшелері мектептерге, ауруханаларға және мемлекеттік мекемелерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Егер  сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тап болсаңыз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Павлодар облыстық  департаментіне  хабарлау қажет.

Павлодар қаласы Хамзин көшесі №37 электрондық үкімет порталы  eqov.kz немесе  1494. Kz порталы

0
0
1303

Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

Баспасөз  хабаршысы

Іс – шараның атауы: Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

Мерзімі: 27 ақпан 2015 жыл

Өтетін орны: Павлодар қаласы, Ломов көшесі №38, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»

Өтетін уақыты: сағат  10: 00 -12:00 дейін

Қысқаша сипаттамасы:

27 ақпанда сағат 10:00 бастап «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» жұмыссыз жүрген жастарға арнайы жәрмеңке өтеді.

Мақсаты: Жұмыссыз жастарға  көмектесу. 14 – 29 жастағы азаматтар мен азаматшалар қатыса алады. Қатысушыларға дайындалған бос орындардың тізімі беріледі. Арнайы шақырылған мамандар жастарға   жұмыстары жайлы кең ақпарат береді және жастар ұнаған жұмыстарына кіре алады.

0
0
547

Америка үндістері кім? M. KURSABAEV

Америка үндістері кім?

M. KURSABAEV

 

Ғаламдардың пайымдауынша Америка үндістері (нақтырақ айтқанда АҚШ және Канада мемлекеттері) Орта Азия және Қазақстан территориясында осыдан 17 мың жыл бүрын мекен еткен туыс бауырлар екені блгілі болып отыр. Мұндай ақпаратқа қол жеткізу өткен ғасырларда көшпенді бабаларымыздың Беринг бұғазы арқылы көшкені туралы бірқатар ғалымдардың еңбектері негіз болды.

 

Бұл мәселе өткен Патшалы Ресей мен Кеңес империясы жылдары аса құпия мағлұмат қатарына саналғаны мәлім. Десек те, кейінгі жылдардағы шынайы көзқарастар аталмыш тарихи ақиқаттың растығын дәлелдеуде.

0
9
1006