«Аймақтағы білім»

24 ақпанда «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» КММ «Аймақтағы білім» атты ток – шоу өтті. Шараға аймақтағы оқу ордаларының басшылары, ЖОО –ның студенттері, колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысты.
«Магистратура және бакалавриат», «Ауылдағы жастардың басты мәселелері», «Білімнің деңгейі», «Сапалы кәсіптік білім беру» жайлы ток –шоу барысында айтылды .
Ток –шоуға сарапшы ретінде Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мамандары, білікті ұстаздар келді. Білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Жастарға мол ақпарат беретін пайдалы және танымды ток – шоу болды.
