Мазмұнға өту

Жаңа

Бос орындарға конкурс өтті

2015 жылдың 28 ақпанында Батыс Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде 27 бос орынға конкурс жарияланды.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу ұйымдастырылып, барлығы 14 сұхбаттасудан өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің консультанты М.Кабдоллин бақылаушы ретінде қатынасты.

0
0
409

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған. Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаменті 2015 жылдың 3 сәуір күні Орла қалалық №14 мектептің 9-11 сынып оқушыларына мектеп басшылығымен бірлесіп «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында жемқорлық қоғамның дерті және онымен қоғам болып күресу керектігі жөнінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар Агенттіктің 1494 call-center орталығының жұмысы туралы бейне таспа көрсетіліп, арнайы дайндалған жадынамалар тара…

0
0
3107

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар топ жарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы көш бастап, облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен толтырды. Ел чемпионаты тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен өтті. Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Рахметов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Нәтижесінде классика және блиц бойынша сырдариялық Ақерке Кенжебекова 14 жасар қыздар арасында ел чемпионы атанды. Классикадан 10 жасар қыздар арасында Аружан Садықбекова және 12 жасар қыздар арасында Жұлдыз Садықбек (екеуі де №2ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленді…

0
0
363

ҚКХП ұсынған ҚР президентігіне кандидат Т.Сыздықовтың Қостанай қаласы «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымының өкілдерімен өткізген кездесуі

Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Қостанай қаласында «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымының өкілдерімен кездесті. Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі аспектілерін ұсынды. Коммунистер үшін марксизм – қоршаған өмірдің өзгеруіне, қоғамдық дамудағы жаңа құбылыстар мен деректерді жинақтап, мәнін түсінумен байланысты ұдайы дамып келе жатқан жасампаз ғылым болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизм мен Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының бағдарламалық ұстанымдарын және оның қызметін насихаттау қажет. Бүгін мен қазіргі заманда адамгершілік құндылықтарын өзгертетін негізгі мәселелер туралы партияның атынан мәлімдеп отырмын. Тек коммунистер ғана…

0
0
935

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың Петропавл қаласында «Қызылжар су» ЖШС ұжымымен кездесуі

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласында «Қызылжар су» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Серіктестік жұмысшыларымен кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов экологиялық мәселелерді қамтыған өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ә.Құсайынов жиынға қатысушыларға жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мәселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды. Бұл – экологиялық қауіпсіздік, климат пен су ресурстарын, «жасыл» технологияны зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, бірталай міндеттер кешенін қамтитын маңызды мақсат. Кандидаттың айтуынша, әлемде күні бүгінге дейін экологиялық проблемаларға тиісті назар бөлінбей келеді. Халықаралық қауымдастықтар мен мамандандырылған ұйымдардың атқарып жатқан экологиялық жұмыстар…

0
0
672

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларына көзқарастары

А.ж. 3 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен қоғамдық жастар бірлестіктерінің бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде орта кәсіби және жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты дебат турнирі өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарлату. Дебаттық турнир Британдық парламенттік формат бойынша келесі резолюциялар бойынша өткізілді: «Осы палата сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өзінің ұстанымын білдіреді», «Осы палата сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасағаны үшін жаза шараларын ұсынады». Қызу пікірталас барысында ойыншылар бір-бірімен сыбайлас же…

0
0
1875

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері

2015 жылдың 3 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Экономика және құқық институтымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудағы мемлекеттік және халықтық бақылауды жетілдіру» тақырыбында студенттер және оқытушы құрамымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Департаменттің тәртіптік кеңес хатшылығы меңгерушісі, социология ғылымдарының кандидаты М.С.Нұртазин «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, конференция барысында агенттіктің call-center орталығының жұмысы туралы бейне ролик жүргізіліп, департаменттің call-center 1494 және anticorruption.gov.kz сілтемелері бар визиткал…

0
0
1145

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қаралуда

Ақмола облысының Егіндікөл аудандық сотында Егіндікөл аудандық ауруханасының бас дәрігері мен бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралуда. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігі «4» тармағында көзделген (аса ірі мөлшерде, өзінің қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену) айып тағылды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/akmola-oblysy-egindikol-audandyk-sotynda-byudzhet-karzhysyn-zhymkyrgany-ushin-ayyptau-boyynsha


0
0
315

ЕНУ: Ақпарат майданының қауіпі

ЕНУ: Ақпарат майданының қауіпі

Еуразия ұлттық университетінің Аймақтану кафедрасы мен Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Соғыс жүргі­зудің жаңа формалары еуразиялық кеңіс­тікке қауіп төндіруші фактор ретінде» деген тақырыпта онлайн-семинар өтті.

Бұл семинарға Ресей тарапынан «Еуразия қауымдастығы» әлеуметтік-экономикалық қорының өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Урал аймағының сарапшы мамандары қатысты. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
504