Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері

2015 жылдың 3 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Экономика және құқық институтымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудағы мемлекеттік және  халықтық бақылауды жетілдіру» тақырыбында студенттер және оқытушы құрамымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің тәртіптік кеңес хатшылығы меңгерушісі, социология ғылымдарының кандидаты М.С.Нұртазин «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

Сондай-ақ, конференция барысында агенттіктің call-center орталығының жұмысы туралы бейне ролик жүргізіліп, департаменттің call-center 1494 және anticorruption.gov.kz сілтемелері бар визиткалар мен жаднамалар таратылды.

 
0
0
1138

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жетілдіру мәселелері - Yvision.kz