Мазмұнға өту

Жаңа

Нигерияның президенті болып мұсылман сайланды

Нигерияның президенті болып мұсылман сайланды

Нигерия генералы Мохаммад Бухари сайлау комиссиясының шешімімен жеңіске жетіп, президент болып сайланды.

Мұсылман үміткер 15 424 921 дауыс жинаса, оның қарсыласы Гудлак Джонатан 12 853 162 адамның қолдауына ие болған. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
200

Жүйкені жұқартқан жаңа індет

Жүйкені жұқартқан жаңа індет

Адамдардың күйзеліске түсуі жыл сайын алаңдатарлық жағдайға айналып барады. Тіпті «баяу жарылатын бомбаға» әлем елдері де алаңдап отыр.

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гарвард университетінің ғалымдары күйзеліске қатысты ғаламдық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Негізі, дүние­жүзінде ауқатты тұратын елдердің қатарын­да америкалықтар, голландықтар мен француздардың бар екені рас. Бірақ осы үш ұлт басқаларға қарағанда, күйзеліске көбі­рек ұшырайтын көрінеді. Еңсесі түсіп, жүй­кесі жұқаратындардың қатарында қытай­лықтар да бар екен. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
358

Сымақовтың 15 жылы

Сымақовтың 15 жылы

31 наурыз күні Самат Сымақов Қазақстан құрамасы сапындағы 65-матчын өткізді. Сымақов Қазақстан құрамасының жейдесін кигеніне дәл сол күні тұп-тура 15 жыл толды!

Ол 2000 жылдың 31 наурызында Азия кубогына іріктеу турнирі аясында Қатар астанасы Доһаның «Әл-Араби спортс клаб» стадионында Иордания құрамасына қарсы негізгі құрамда шықты. Дүниеге келгеніне 21 жыл, 3 ай, 23 күн өткен күн еді. Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен (Авдеев, 10) жеңіске жетті, Сымақов 56 минутта ескерту алды. Содан бергі 5475 күн бойы Қазақстан құрамасы десе, Саматтың есімі қатар аталып келеді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
383

Иран әлемді әлекке салмақ па?

Иран әлемді әлекке салмақ па?

Иран ядролық бағдарламасына қатысты Швецияның Лозанна қаласында өтіп жатқан халықаралық келіссөз шегіне жетпесе де, біраз мәселенің басы ашылып қалды.

Ол 1+6 кездесуінде (Иран, АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Франция) тараптар Иранның ядролық бағдарламасының кейбір тұстарын біраз уақытқа тоқтатып, есесіне, бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдету туралы уағдаластыққа келуге ұмтылуда. Алдын ала жасалған келісім бойынша маусым айының соңына дейін түпкілікті келісім жасау жоспарда бар. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
268

Қытайдың шірімейтін көкөністері ағзамызды ірітіп жүрмесін

Қытайдың шірімейтін көкөністері ағзамызды ірітіп жүрмесін

Егер біз болашақта ас-ауқатымызды түзеп, денсаулығымызды жақсартқымыз келсе ең алдымен будан өнімдердің буда-буда проблемаларын сезінгеніміз жөн. Қазірде әлем халқының басым бөлігі гендік модификацияға түскен мұндай өнімдерді тұтынудан басын алып қашуда. Осыдан болар бүгінде әлем бойынша халал өнімдерді тұтынатын халықтың саны 3,5 млрдқа жеткен. Ғалымдар жыл сайын халал өнімдерді тұтыну үрдісі 30-40 пайызға өсім беріп отырғанын алға тартады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
363

Ресейлік байлар елдегі тұрақсыздықтан Еуропаға қоныс аудармақ

Ресейлік байлар елдегі тұрақсыздықтан Еуропаға қоныс аудармақ

Австралияның Ресейге қарсы былтыр қыркүйекте салған санкциялары таяуда күшіне енгендігін елдің Сыртқы істер министрі Джули Бишоп мәлімдейді. Бірінші кезекте салынған санкция барысында Ресейге қару-жарақ пен қосалқы бөлшектерді экспорттауға тыйым салынбақ. Сондай ақ, мұнай өндіру қондырғыларын, Қырым мен Севастопольге энергия саласына қажетті құрылғыларды импорттауға шектеу қойылды. Кейбір Ресей компаниялары қаржылай қолдаудан да қағылмақ. Оған қоса, Қырым мен Севастополге Австралиядан инвестиция тартуға рұқсат жоқ. Ол инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, энергетика, мұнай-газ салаларын қамтиды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
297

Еліміздегі егіс алқабының 70 пайызы құнарсызданып кеткен

Еліміздегі егіс алқабының 70 пайызы құнарсызданып кеткен

Жердің машақаты шаруалады биылғы жылы әбігерге салуы мүмкін. Себебі, қарамағындағы жер телімін құнарландырмаған шаруа қожалықтары өз қолда барын мемлекетке қайтарып беруге мүдделі болмақ. Бұдан былай жер кодексіне енген өзгерістерге сай, мемлекет игерудегі құнарсыз жерді мәжбүрлі түрде өз меншігіне қайтарады. Одан соң жер тендер арқылы құжаттары дұрыс шаруаларға таратылмақ. Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді ұтымды пайдаланудың жаңа ережелерін қарастырды. Аталмыш ереже бойынша енді егістік айналымын сақтау, жайылымдарға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету, топырақтың агрохимиялық құрамын қолдау, фитосанитариялық іс-шараларды орындау, өндірістік көрсеткіштерді сақтау қарастырылған. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
261

ҚазҰУ: G-global – ғаламдық жоба

ҚазҰУ: G-global – ғаламдық жоба

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» деген атаумен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз жиынына Еуразия экономикалық ғалымдар клубының бірінші вице-президенті, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов, БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросының байланыс және ақпарат бөлімінің басшысы Сергей Карпов, Еуразия экономикалық ғалымдар клубының мүшесі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры академик Тілектес Есполов қатысып сөз сөйледі. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
617

«Өйткені, ол — шымкенттік» фильмі прокатта 90 миллион теңге жинады

«Өйткені, ол — шымкенттік» фильмі прокатта 90 миллион теңге жинады

Қазақстандық режиссер Жәнібек Жанғараев «Өйткені, ол – шымкенттік» («Потому что Шымкентский») фильмі прокатта 90 миллион теңге (484 мың доллар) жинады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинаның бюджетін авторлар құпия ұстауды жөн көрді, бірақ Жанғараевтың айтуынша, лентаға кеткен қаржы өзін-өзі ақтады. Еске салайық, Шымкентте туған жігіт туралы фильм прокатқа 19 наурызда шықты. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
425

Тау-теңгеде тіркелу

Қазіргі таңда ғаламтор біздің өмірімізге толықтай енді. Электронды салада істемес бұрын, электрондық ақша деген не немесе қалай қолданылатынын білмегенмін. Бүгінгі күнде электрондық ақша саласында істеп жүргеніме бір жылдай болды. Бір жыл ішінде біліп шыққаным жетерлік, осы пост менің алғашқы жазбам. Өз ойыммен бөлісіп және ақпараттық құралдармен бөліскім келеді. Ең бастапқысы, бірегей әмиянға ие болу немесе қалай тіркелу керектігін айта кетейін. Электронды ақшаға ие болу үшін, сіз ең алдымен электронды ақша сайтына тіркелуіңіз қажет. Бірегей әмиян немесе электронды ақша туралы ақпаратты осы жазбада қысқаша айтып өтейін. Алдымен сайтта тіркелу үшін www.tau.kz сайтына өтіңіз. Бұл сайт сізді автоматты түрде www.walletone.com сайтына аударады, себебі біз бүкіл әлемдік компанияның қазақстанды…

4
1
1710