Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларына көзқарастары
А.ж. 3 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен қоғамдық жастар бірлестіктерінің бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде орта кәсіби және жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты дебат турнирі өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарлату.
Дебаттық турнир Британдық парламенттік формат бойынша келесі резолюциялар бойынша өткізілді: «Осы палата сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өзінің ұстанымын білдіреді», «Осы палата сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасағаны үшін жаза шараларын ұсынады».

Қызу пікірталас барысында ойыншылар бір-бірімен сыбайлас жемқорлық және оның көріністері, парақорлықтың түрлі өмірдегі салаларға әсер ететіні туралы өз ойларымен бөлісті.
Дебат соңында турнирға қатысушылар және Департамент қызметкерлері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша өз пікірлерін айтты.

Ойын қортындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар мен кубокпен марапатталды.
