Германия Қазақстанның жетекші саяси және сауда серіктестерінің тобына кіреді — Е.Ыдырысов

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ГФР Бундестагының Вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесу өткізді.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында елдердің екіжақты ынтымақтастығының және ЕО шеңберіндегі ықпалдастығының басым мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібінің ең өзекті мәселелері, атап айтқанда, Украинадағы жағдайды реттеу, Иран ядролық бағдарламасы, Ауғанстан тұрақты дамуы мәселелері туралы пікір алмасылды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
