Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты

Испания чемпионатының 29 турында  Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты, ойынның қорытынды нәтижесінде корольдік клуб ойыншылары «Гранада» командасын 9:1 есебімен жеңді.

Бірінші кезеңнің 25 минутына дейін «Гранада» командасы «Реалмен» тең ойнап жатты. Содан кейін қақпасына доп жауып кетті. Әуелі Гарет Бэйл есеп ашты. Одан кейін Роналду 8 минуттың ішінде қатарынан үш доп соқты.

Бұл күні әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың бағы жанған күн болды. Ол бес доптың авторы атанды.

Осы турдың ойынына дейін ол 31 доп соғып, «Барселона» командасының сұр мергені Лионель Мессиден бір допқа қалып келе жатқан еді. Енді 36 гол соққан Роналду Испания чемпионатында жеке дара көш бастады.

Осы күні «Барселона» «Сельта»  командасына барып ойнап, қарсыластарын жалғыз голдың арқасында жеңді. «Барселонаға» қажетті үш ұпай алып берген ойыншы Жереми Матьё болатын.

29 ойыннан кейін «Барселона» 71 ұпаймен бірінші орында тұр. Одан «Реалдың» төрт ұпайы кем. Үшінші орында 62 ұпай жинаған «Атлетико» командасы келеді.

   
Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
224

Осы тақырып бойынша

Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты - Yvision.kz