Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің бірі - Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
3) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат
4) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
5) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;
6) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат.
Қызметті алушылар ҚР азаматтары, қызмет құны тегін және 10 жұмыс күнде көрсетіледі. ЭЦҚ-сы болған жағдайда, бұл қызметті www.egov.kz порталы арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
