Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балабақшаға кезек нөмірін қарау

 

Қазіргі уақытта баланы балабақшаға кезекке қойғанан кейін www.egov.kz порталы арқылы кезектің нөмірін қарауға болады.

Бұл үшін порталда «Отбасы » - «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» сілтемелері арқылы өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасын басу керек. Ашылған бетте өтінімді толтыру қажет Облыс және баланың ЖСН немесе тегін, атын қосымша туған күнін енгізу қажет. "Сұранысты жіберу" батырмасын басып, батырманы басқаннан кейін  кезек нөмірі туралы мәліметтер бірден пайда болады.

Қызметті алушылар: ҚР азаматтары

Қызмет көрсету орны: www.egov.kz порталы және мобильді қосымша eGov.kz

Қызмет көрсету мерзімі: өтініш берген сәтінде

Қызмет көрсету нәтижесі: балабақшаға баланың кезегінің нөмірін қарау

Егер де үйіңізде ғаламтор болмаған жағдайда ХҚКО-на келіп «өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» кеңес алуға болады.

   
0
0
11896

Осы тақырып бойынша

Балабақшаға кезек нөмірін қарау - Yvision.kz