Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға жәрдемақы тағайындау

Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі. Соларға қамқоршылық танытып, түн ұйқысын төрт бөліп, бағып – қағып отырғандарға назардан қалдырмай, олардың ата – анасына немесе қамқоршысына жәрдем көрсету әрқайсымыз үшін үлкен парыз. Мемлекет тарапынан да оларды қолдау мақсатында  «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, камқоршыға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі қарастырылған.

Бұл мемлекеттік қызметті алушы   ХҚКО-ға келесі құжаттар топтамасымен келу қажет:
1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат

3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

4) қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;

5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;

6) отбасының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

7) баланың мүгедектігі туралы анықтама (мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме);

8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

Қызмет тегін түрде көрсетіледі және құжатты тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде дайын болады.

   
0
0
531

Осы тақырып бойынша

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға жәрдемақы тағайындау - Yvision.kz