Соғыс жылдарындағы әндер жаңаша шырқалды
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы соғыс ардагерлеріне арнап Жеңістің 70-жылдығына орай ұйымдастырылған «Шын жүректен» атты концертте соғыс жылдарындағы әндер заманауи аранжировкада жаңаша шырқалды.

Оның телевизиялық нұсқасын 9 мамыр күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасынан кқруге болады. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Естелік концерт қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрдің қатысуымен өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, «концерт 1941-45 жылдардағы соғыста жауынгерлердің қаһармандық ерліктеріне деген құрмет және жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеп, күшейтуге арналған».

Мерекелік концертке ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қорғаныс және іскі істер министрлігінің министрліктерінің ардагерлері, республикалық «Ұлан» гвардиясының тәрбиеленушілері мен қала тұрғындары мен қонақтары – барлығы 900 адам қатысты.
«Қазақстан» телеарнасының жүргізушілері, отандық танымал орындаушылар Ерлан Рысқали, Құрмаш Маханов, Дәурен Сейітжан, Жұбаныш Жексенұлы, Бақыт Шадаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерлан Көкеев, Әлішер Кәрімов, Әйгерім Қалаубаева, Досымжан Таңатаров, Рүстем Нұржігітов, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев Жеңіске арналған әскери жылдардағы әндерді жаңаша көркемдік бейімдеумен орындады.
«Кестелі орамал», «Темная ночь», «Журавли», «В землянке», «Әлия», «День Победы», «Пляска», «Солдатская полька», «Победная пляска», «Сарбаздар», «Болмасын соғыс», «Ақ көгершін», «Жас қазақ», «Сағадат», «Бейбіт күн тілегі», «Мен сендерді іздеймін» - бұл өлеңдер халық арасына танылып қана қоймай, жауынгерлерге үміт сыйлаған, бейбітшілік орнайтына сенім арттырған әндер. Олар жауынгерлерді жеңіске жетуге қанаттандырып, жеңістің ақ таңы атқанға дейін жауынгерлермен бірге қан кешкен өшпес әндер...
Осылайша, мерекелік концерттің ұйымдастырушылары соғыс ардагерлеріне жылы естеліктер кешін сыйласа, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери би ансамблі мен оркестрі мерекелік концертің шырайын кіргізді.
