Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтардың маңызды мәселелері

А.ж. 19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ш.Қ. Қабдула «Нұр Отан» қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Бұл күні Облыстық қазақ саңыраулар қоғам филиалында, қала аудандарында жолдарды жөндеу бойыншы сатып алуларда, сондай-ақ саяжай қоғамының кірме жолдарының жағдайына қатысты бұзушылықтары бар күрделі мәселелерімен жүгінген 10 азаматты қабылданды.

Азаматтарды қабылдау кезінде түскен сұрақтар СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының ерекше бақылауына алынды.

Аталған жұмыс Департамент пен «Нұр Отан» партиясымен тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге және халық арасында сенімнің артуына ықпал етеді.

 
0
0
603

Осы тақырып бойынша

Азаматтардың маңызды мәселелері - Yvision.kz