Тайбэйде өтіп жатқан чемпионаттың бесінші күнінің қорытындысы бойынша 12 медаль жеңіп алған Қазақстан жалпы есепте екінші орында тұр. Жартылай финалға 7 жасөспірім мен жастар командасынан 5 спортшы қыз шықты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. 15 медальді жеңіп алған Ресей ғана Қазақстаннан озып келеді, бізден кейінгі орында 8 жүлде алған АҚШ, әрқайсысының 6 жүлдесі бар Қытай, Үндістан, Түркия, Украина елдері, 4 медальді еншілеген Қытайлық Тайбэй мен Ирландия бар. Италия, Моңғолия, Польша — 3 медаль жеңіп алса, КХДР, Венгрия, Тайланд — 2 жүлде, Әзербайжан, Доминикан, Ұлыбритания, Франция, Германия, Грекия, Оңтүстік Корея, Косово, Швеция және Вьетнамның қанжығасында бір-бір медальдан бар. Чемпионаттан хабар тарататын спорт тілшілері 2015 жылы Қазақстанн…