Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақтың жазалау түрлері

Қасқа жазасы Бұл жазаға ұшыраған адамға өшпес таңба салынып, елден қуылады. «Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға қатты мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырыпты. Содан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайынан сол самайына дейін тіледі. Басына жарғақ тымақ, үстіне айналдырған тон кигізіп қолына таяқ ұстатады. «Енді қайда барсаң онда бар, сендей арам ағайыннан адал арым артық» деп, теріс батасын беріп, ата қоныстан аластап шығарған екен. Ол заманда қарғыстың ауыры теріс бата, жазаның үлкені қасқа етіп әйгілеп, елден қуып қаңғыртып жіберу болыпты ғой» (Б.Момышұлы, «Ұшқан ұя»). Мұндай ауыр жазаға ұшырағандарға жұрт қараң батсын, келмеске кет деп қарғыс айтып, артынан топырақ шашқан. Қазақтың бұдан өзге де түрлі жазалары бар. Мәселен, олардың қатарына мыналар жата…

0
0
3593

Аландар туралы қызықты 10 дерек

Аландар – біздің заманымыздан бұрынғы 1 мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығының басында қазіргі Батыс Қазақстан және Солтүстік Кавказ өңірлерінде өмір сүрген көшпелі тайпалар бірлестігі. Арғы тегі сақ-сарматтарға барып тіреледі. Алан деген сөз ең алғаш б.з.д. 25 жылғы қытай жылнамаларында кездесті. Онда алан деген сармат тайпаларының бір атауы ретінде айтылады. Жылнамада Қаңлы мемлекетіне қарасты Яньцай елі деп аталып, олардың өмір салтының қаңлылармен ұқсастығы сөз болады. Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі жерлерді мекендеген. 100 мыңға жуық әскері болған. І-ІІ ғасырлардағы деректерде елдің аты Алания деп өзгереді. IV ғасырда Рим зерттеушісі Аммиан Марцеллин аландар туралы былай депті: «Барлық аландар дерлік бойшаң әрі сымбатты болып келеді. Ола…

0
0
5405

МЫҢДАҒАН ТҮРІК ЖЕБЕСІ (Әл-Жахиздың түріктер жайлы жазбаларынан үзінді)

Түркі халықтары туралы жазылған маңызды еңбектің бірі – Әбу Осман Әл-ЖАХИЗ жазған «Түркілер мен олардың артықшылықтары туралы Фатх Хаканға жолдау» атты трактат. Бұл еңбек осы күнге дейін сақталып, кеңес заманы тұсында орыс тіліне тәржімаланған. Біз осы еңбектің мазмұнын қысқаша ықшамдап ұсынып отырмыз. Мыңдаған түркі жебесі Хариджиттер шабуыл жасайтын кезде найзаның күшіне көбірек сенеді. Түркілер де найзаны араб-харидтер сияқты жақсы меңгерген. Дегенмен, мыңдаған атты әскер шабуылдап, әрқайсысы бір оқтан жіберсе, мың әскер өзінің бір ғана оғымен қарсы жақтың мың әскерін жойып жібереді. Түркілердің садақ ату өнері Араб-харидтер мен бәдәуилерде ат үстінде жүріп, садақтан оқ ату өнері жоқ. Түркі жауынгері жабайы аңдарды, құсты, нысананы, адамдарды, қозғалмай тұрған нысананы, орнатылған кеск…

0
0
2208

Таңғажайып Топағаш

Топағаш тоғайы Алматы-Ташкент тас жолынан 12 шақырым, Тараз қаласынан 60 шақырым қашықтықта, Ақыртөбе ауылы маңында орналасқан. Т.Рысқұлов ауданының аумағында қола дәуіріне жататын жүздеген ежелгі бекеттер, үйсіндер мен сақтардың патша қорғандары, петроглиф галереялар, қалашықтар бар. Топағашты да тарихшылар ортағасырлық қоныстар мен қалашықтың орнына жатқызып отыр. Оның тарихы ХІV ғасырдан басталады. Аңызға орын берсек, дәл осы жерде 1378 жылы Қожа Мақтым Ағзамның (Қожа Ахмет Ясауи) немересі, халық арасында Домалақ ана атанып кеткен Нұрила дүниеге келген екен. Нұрила мен Бәйдібек би алғаш осында кездесіп, отау құрған деседі. Кейінірек ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар шапқыншылығының қиян-кескі ұрыстары, түрлі тарихи оқиғалар да осы аймақтарды қамтыған. Топағаш түбінде Бөгенбай батырдың қолба…

0
0
3385

Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!

2015 жылдың 7 мамыр күні, Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласының маңындағы, Қарабақты және Мирас шаруашылығында жан түршігерлік оқиға болды. Ғаламтор желілерінде, көршілес ел Түркменстаннан, біздің өңірге қарай кезіп келген қабыланның, өлтірілген суреті тез тарап кетті. Ғалымдардың айтуы бойынша, ол жақта осындай сирек кездесетін аңдардың шағын тобы мекен етеді екен, ал мына қабылан, біздің өңірге жаңа үй іздеп келген болса керек. Оқиғаның бірнеше нұсқалары да болды:Браконьерлер, ақбөкендерді ұстау үшін қақпан құрған, алайда, қақпанға түскен қабыланды көрген соң, оны ұрып өлтірген.Малшылар (мал бағатын адам), жыртқыш аңды адамға шабуыл жасағаны үшін өлтірген.Малшылар, қасқыр ұстау үшін құрған қақпанға түсіп, өлген кейіп танытып жатқан қабыланға жақындай бергенде, қабылан адамдарға шабуыл…

0
0
2022

Н.Назарбаев: Инфрақұрылымды жаңғырту Қазақстанның экономикалық өсімін сақтауға мүмкіндік береді

Қазақстан өз даму жолында тұрақты мәмілеге келді, енді дамудың жаңа жолдарын қарастыру қажет, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының жүргізушісі Эвелина Закамскаяға сұхбат беру барысында. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудың негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының келешегі, жаһандық экономика дамуының маңызды жайттары туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумында негізгі мәселелердің бірі болған инфрақұрылымдық даму құрлықтың орталығында орналасқан және теңізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстанның экономикасы үшін маңызды мәнге ие екеніне наза…

0
0
535

Әскер қатарына жаңадан алынған 50 сарбаз отыз күндік жас жауынгер курсын бастады – Қорғаныс министрлігі

Гвардейск гарнизонының инженерлік-саперлік полкі Ақмола облысынан келген 50 жас сарбазбен толықты. Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, олар үшін салтанатты қабылдау, бөлімнің аумағы және маңызды объектілері бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. «Ең басында әрине қиын – жаңа жағдай, жаңа ұжым, оның үстіне жасөспірімдер үйлерінен шалғай жерде болады. Сондықтан бұл кезеңде жас сарбаздардың моральдық-психологиялық жай-күйіне біз ерекше көңіл бөлетін боламыз», - деп, инженерлік-саперлік полк командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Қылыш Әлішеров атап өтті. «Біз әрқайсысының өмірбаянын егжей-тегжейлі зерделейміз, жақынырақ танысамыз, сарбаздармен әңгімелесеміз және оларға бейімделу кезеңіненжақсы өтуге қол ұшын береміз», - деді ол. Сарбаздар әскери ғылы…

0
0
560

Орал қаласының қорғаныс басқармасындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 27 мамыр күні сағ.10:00-де Орал қаласының қорғаныс басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» талқылауға арналған семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңес Департаменттің 2015 жылдың І тоқсан қорытындысы туралы ақпарат, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы туралы ақпарат берілді. Шараға Департаменттің сотқа дейінгі тергеу басқармасының тергеушісі – Р.Өтешов пен мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты – Б.Хайр…

0
0
360