Мазмұнға өту
ZhannatNur

ZhannatNur

Сайтта 2015 ж. 10 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікір

1

тіркелуші

0

жазылымдар

3

Хандар немен айналысқан?

Моңғол империясынан қалған дәстүр бойынша хан тағына тек Шыңғыс хан ұрпақтары отыра алатын. Болашақ ханды тәрбиелеуге атабек лауазымындағы арнайы адам тағайындалып, сол баланы жастайынан мемлекет басқару ісіне баулыды. Хан тұқымының өкілдері өңірлер мен ірі ұлыстарды басқарды. Хан бас қолбасшы болды. Ал әскери бөлімдер ханның жақын туыстары мен хан ұрпақтарына жүктелді. Оларға тұрақты әскер ұстаудың қажеті жоқ еді. Ер балалар ер жеткеннен ат үстінде жүретідіктен оларды соғысқа жұмылдыру қиын емес-ті. Тұрақты әскер соғыс кезінде ғана жасақталатын. Хан халықаралық қатынастарда да басты тұлға болды. Ханның атынан немесе соның тапсырмасымен ұлтандар, батырлар, билер алыс-жақын шет елдерге шыға беретін. Келіссөздер жүргізетін. Келген қонақтарды қабылдады. Мәселен, жоғары мәртебелі қонақтарды О…

2
0
4431

Хақназарды кім өлтірді?

ХVІ ғасырдың 50-жылдары Хақназардың билігін шығыстағы ноғайлар да мойындады. Олардың жайлауы Ембі мен Жайықтың ортасында, ал қыстауы – Сырдарияның төменгі жағында еді. Сондықтан, олар белгілі бір дәрежеде қазақ хандығына тәуелді болды. Бірақ Хақназар бұған қанағаттанбады. Ол Ноғай және Сібір хандықтарының құрамына кіретін барлық ұлыстарды өз қарамағына өткізу үшін күресті. Бірқатар башқұрт тайпаларын жеңіп, жаулап алғаннан кейін Хақназар өз назарын Мәуереннахрға аударды. Хақназар мен Абдолланың одақтастығы Бұл уақытта Мәуереннахрда Абдолла хан мен Баба-хан арасында тайталас жүріп жатқан болатын. Хақназар Абдолламен «ант берісіп», келісімге келеді. Ол келісім бойынша Хақназар Абдоллаға әскери көмек береді, оның қайтарымы ретінде Абдолла өзіне тиесілі аумақтан қазақ хандығына беруі тиіс бол…

1
0
4609

«Жеті жарғы» бойынша әйелді қалай жазалаған?

«Жеті жарғы» дала заңдары жинағында әйелдер құқығы туралы да баптар баршылық. Олар әйелге сый-құрмет көрсетуге, жазықсыз айыптамауға үндеген. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиic, сұрамаған жағдайда арсыздығы үшін айып салынады. Сондай-ақ, ер азамат жақын туысымен, өз руының қызымен некелесуіне қатаң тыйым салынған. Ол үшін өлім жазасына кесіліп отырған. Немесе сол рудың талқысына берілген. Мәселен, «Жеті Жарғы» заңы бойынша әйелі epінің көзіне шөп салса, яғни зинақорлықпен айналысса және күйеуі оны сол сәтте ұстап алса, өлтіруге құқылы, бipaқ қылмысты сол сәтінде жариялауы тиіс. Егер де әйелдің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел жазадан босатылған. Әкeci баласын жазалауға құқылы, ол үшін жауапты болмаған. Бipaқ баласына енші бер…

1
2
2435

Қазақтың жазалау түрлері

Қасқа жазасы Бұл жазаға ұшыраған адамға өшпес таңба салынып, елден қуылады. «Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға қатты мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырыпты. Содан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайынан сол самайына дейін тіледі. Басына жарғақ тымақ, үстіне айналдырған тон кигізіп қолына таяқ ұстатады. «Енді қайда барсаң онда бар, сендей арам ағайыннан адал арым артық» деп, теріс батасын беріп, ата қоныстан аластап шығарған екен. Ол заманда қарғыстың ауыры теріс бата, жазаның үлкені қасқа етіп әйгілеп, елден қуып қаңғыртып жіберу болыпты ғой» (Б.Момышұлы, «Ұшқан ұя»). Мұндай ауыр жазаға ұшырағандарға жұрт қараң батсын, келмеске кет деп қарғыс айтып, артынан топырақ шашқан. Қазақтың бұдан өзге де түрлі жазалары бар. Мәселен, олардың қатарына мыналар жата…

0
0
3569

Аландар туралы қызықты 10 дерек

Аландар – біздің заманымыздан бұрынғы 1 мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығының басында қазіргі Батыс Қазақстан және Солтүстік Кавказ өңірлерінде өмір сүрген көшпелі тайпалар бірлестігі. Арғы тегі сақ-сарматтарға барып тіреледі. Алан деген сөз ең алғаш б.з.д. 25 жылғы қытай жылнамаларында кездесті. Онда алан деген сармат тайпаларының бір атауы ретінде айтылады. Жылнамада Қаңлы мемлекетіне қарасты Яньцай елі деп аталып, олардың өмір салтының қаңлылармен ұқсастығы сөз болады. Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі жерлерді мекендеген. 100 мыңға жуық әскері болған. І-ІІ ғасырлардағы деректерде елдің аты Алания деп өзгереді. IV ғасырда Рим зерттеушісі Аммиан Марцеллин аландар туралы былай депті: «Барлық аландар дерлік бойшаң әрі сымбатты болып келеді. Ола…

0
0
5382

МЫҢДАҒАН ТҮРІК ЖЕБЕСІ (Әл-Жахиздың түріктер жайлы жазбаларынан үзінді)

Түркі халықтары туралы жазылған маңызды еңбектің бірі – Әбу Осман Әл-ЖАХИЗ жазған «Түркілер мен олардың артықшылықтары туралы Фатх Хаканға жолдау» атты трактат. Бұл еңбек осы күнге дейін сақталып, кеңес заманы тұсында орыс тіліне тәржімаланған. Біз осы еңбектің мазмұнын қысқаша ықшамдап ұсынып отырмыз. Мыңдаған түркі жебесі Хариджиттер шабуыл жасайтын кезде найзаның күшіне көбірек сенеді. Түркілер де найзаны араб-харидтер сияқты жақсы меңгерген. Дегенмен, мыңдаған атты әскер шабуылдап, әрқайсысы бір оқтан жіберсе, мың әскер өзінің бір ғана оғымен қарсы жақтың мың әскерін жойып жібереді. Түркілердің садақ ату өнері Араб-харидтер мен бәдәуилерде ат үстінде жүріп, садақтан оқ ату өнері жоқ. Түркі жауынгері жабайы аңдарды, құсты, нысананы, адамдарды, қозғалмай тұрған нысананы, орнатылған кеск…

0
0
2189

Таңғажайып Топағаш

Топағаш тоғайы Алматы-Ташкент тас жолынан 12 шақырым, Тараз қаласынан 60 шақырым қашықтықта, Ақыртөбе ауылы маңында орналасқан. Т.Рысқұлов ауданының аумағында қола дәуіріне жататын жүздеген ежелгі бекеттер, үйсіндер мен сақтардың патша қорғандары, петроглиф галереялар, қалашықтар бар. Топағашты да тарихшылар ортағасырлық қоныстар мен қалашықтың орнына жатқызып отыр. Оның тарихы ХІV ғасырдан басталады. Аңызға орын берсек, дәл осы жерде 1378 жылы Қожа Мақтым Ағзамның (Қожа Ахмет Ясауи) немересі, халық арасында Домалақ ана атанып кеткен Нұрила дүниеге келген екен. Нұрила мен Бәйдібек би алғаш осында кездесіп, отау құрған деседі. Кейінірек ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар шапқыншылығының қиян-кескі ұрыстары, түрлі тарихи оқиғалар да осы аймақтарды қамтыған. Топағаш түбінде Бөгенбай батырдың қолба…

0
0
3369