Мазмұнға өту

Жаңа

«Мобильді құлдық» немесе «Мәңгілік нөмір»

22 сәуірде Мәжіліс ет пен сорпаның арасында, яки бірінші оқылымда-ақ "Ақпараттандыру туралы" Заң жобасын қабылдап тастады. Бұл жобаның бүге-шүгесін тарқатып отыратын менде де, сізде де уақыт тапшы шығар. Бастысы, бұл заң жобасымен енді «мобильді құлдыққа» тиым салынады деп отыр. Демек, әрбіріміздің телефон нөмірімізді өзімізге қалдыра отырып, ұялы байланыс операторын ауыстыруымызға мүмкіндік беріліп отыр. Оператордың қызметі, тарифтері ұнамаса, басқа операторға оңай ауысып кете аласыз. Бұл қызметтің атауы - MNP (Mobile Number Portability). Қазір телефонды жоғалтқан ештеңе емес. Оның ішіндегі өзіңді түсірген селфи мен контактілерді аяп, «кім көріп қойды екен?» деп тырнағыңды мүжіп отырғаның.. Сол секілді тарифы мен тәртібі келісті боп тұрса да, байланыс операторын ауыстыруға да көп адам ке…

5
0
949

Аустриялық трансұлттық компания Қазақстандағы автожолдарды жөндеу жүйесін дамытуға қатысуды жоспарлауда

Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің қолдауымен «Discovering business opportunities in Kazakhstan» атты қазақстан-аустриялық бизнес-форумды өткізді. ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстан инвестициялары арасындағы салынған және қазақ-аустриялық экономикалық ынтымақтастығының жарқын үлгісі ретінде Ритц-Карлтон қонақ үйі форум өткізу орыны ретінде таңдалды. Бизнес-форум жұмысына 100-ге жуық аустриялық компаниялар, үкімет және бизнес-бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар ішінен Аустрия Парламентінің депутаттар тобын басқарған Ұлттық Кеңестің Екінші президенті Карлхайнц Копф, Аустрияның Көлік, инновациялар мен технологиялар вице-министрі Андреас Райхард және басқа да жоғары шенеуніктер қатысты. Форумның негізгі баяндаушысы ретінде сөз сөйлеген ҚР Инвести…

0
0
505

Бүгін «Ролан Гаррос» турнирінде Зарина Дияс екінші кездесуін өткізеді

Париж қаласында теннистен өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде жекелей сында қазақстандықтардан жалғыз Зарина Дияс қана қалды. Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы бүгін екінші айналымда дүниежүзілік сатыда 93-інші орында тұрған, бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен шеберлік байқасады. «Үлкен дулығаның» бірі болып есептелетін «Ролан Гарроста» барлық теннисшілер де табысты өнер көрсеткісі келеді. Сондықтан бабы мен бағы келіссе, рейтингте төмен тұрғандар атақтыларды аяқ астынан ұтып кетіп жатады. Қазірдің өзінде Парижде әлемнің үшінші және алтыншы ракеткалары, румыниялық Симона Халеп, канадалық Эжени Бушар жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстандықтардан жекелей сында екінші айналымға З.Дияспен бірге Юлия Путинцева да өткен болатын. Алайд…

0
0
225

Қазақстандық әскери қызметші белтемірге күшпен тартылудан әлемдік рекордты жаңартпақ

43386 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Ержан Әбілмансұров ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында белтемірге екі қолмен күшпен шығу жаттығуында үздік болып табылады. Ол 1 сағат 40 минут ішінде белтемірге 400 рет айналып шығады (минутына 25 рет немесе бір қайталамада). Алайда, Ержан мұнымен тоқтамай, қазір әлемдік рекордты жаңарту үшін аянбай жаттығу жүргізуде. Әскери қызметші тіпті Гиннестің рекордтар кітабына өтінім жолдаған. Бүгінгі таңда әлемдік рекорд ресейлік Максим Трухановецке тиесілі. Бір қайталауда ол денесін 21 рет көтереді. Айта кеткен жөн, екі қолмен шығу жаттығуы қазақстандық әскери қызметшілердің дене даярлығының міндетті нормативтерінің құрамды бөлігі, күштің кешенді көрсеткіші. Ол денені белге дейін көтеруді қажет етеді. Сондықтан белтемірге ә…

0
0
433

Астана қаласында тергеу судьяларының жұмысы жөнінде халықаралық семинар өтуде

Бүгін Астана қаласындағы «Hilton Garden Inn Astana» қонақүйінде «Тергеу судьяларының өкілеттігі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа институттарын қолдану» атты тақырыпта семинар болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/astana-kalasynda-tergeu-sudyalarynyn-zhumysy-zhoninde-halykaralyk-seminar-otude

0
0
321

Зарина Дияс «Ролан Гаррос» жұптық сынының екінші айналымына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс «Ролан Гарростың» жұптық сынының екінші айналымына өтті, деп хабарлады Vesti.kz.

Қытайлық Сюй Ифаньмен жұп болып ойнаған Дияс Надежда Киченок (Украина) — Йоана Ралука Олару (Румыния) жұбын 5:7, 7:6(7:5) және 6:4 есебімен жеңді.

Келесі айналымда Ифань мен Дияс австралиялық апалы-сіңлілі Анастасия және Арина Родионовалармен кездеседі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дияс «Ролан Гарростағы» жекелей сында екінші айналымға жолдама алған болатын.

Ертең, 28 мамырда ол Бельгия өкілі Алисон ван Уйтванкпен бәсекеге түседі.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
Басты сөздер: Спорт
0
0
329

Қызылордалық 60 елдің спортшылары бақ сынаған додада күміс жүлдені иеленді

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Бүкіләлемдік ойындарда қызылордалық Ислам Салимов жақсы өнер көрсетіп, облыстың спорт тарихында өзіндік із қалдырды. 60 мемлекеттен спортшылар қатысқан ойындар бағдарламасында жеңіл атлетикадан сынға түскен Ислам ұзындыққа секіруден күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Ол 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жанарынан айырылған бозбала II топтағы мүгедек. 2003 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысып келеді. Ислам бұған дейін 2 дүркін Паралимпиадалық Азия ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы, халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы мен жүлдегері, ҚР х…

0
0
234

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Moscow Grand Slam» жарысында жеңіліп қалды

«Moscow Grand Slam» әлемдік турының кәсіби раундының ойындарында қазақстандық жағажай волейболшылары қарсыластарынан жеңіліп қалды. Бұл туралы sports.kz жазады. Бұған дейін Австралия жұбын ұтқан Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова келесі ойында канадалық жұптан 0:2 (17:21, 15:21) есебімен жеңілді. Ерлер арасындағы ойында Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов ресейлік Богатов/Худяков жұбынан ұтылды. Кездесу 0:2 (17:21, 17:21) есебімен аяқталды. Тағы бір қазақстандық ерлер жұбы Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко F тобына түсті. Онда сонымен бірге бір норвегиялық және екі американдық жұптар бар. Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да Алексей мен Александр норвегиялық спортшылар Хоррем/Эйтхунмен ойнайды. Ал мамырдың 28-де Америка спортшылары Хайден/Бурне және Паттерсон/Гиббпен кездесулер…

0
0
263

Ветеринария мәселелері талқыланған семинар

Парижде әлемнің 180-нен астам елі мүше болып табылатын халықаралық эпизоотиялық бюросы Бас ассамблеясының 83-ші сессиясы өтіп жатыр. Бір аптаға жуық уақытқа созылатын оның жұмысына құрамында Парламент депутаттары бар Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған қазақстандық делегация да қатысуда. Сессияны халықаралық эпизо­отиялық бюроның (ХЭБ) президенті Карин Швабенбауэр ханым ашты және ол мал аурулары індетіне қарсы күрес жүргізуде бюроның атқа­рып келе жатқан жұмыстары мен іс-шараларына тоқталды. Оның атап өтуінше, 1924 жылы құрылған ХЭБ өзінің 90 жылдан астам тарихында мал індеттеріне қарсы күресті үйлестіру және олардың шығу ошақтарын жойып, жұқпалы мал ауруларының алдын алуға бағыт­талған жұмыстарды аса ауқымды көлемде жүргізіп келеді. Ұйымға мүше елдермен тығыз байланыс­т…

0
0
362