Орал қаласының қорғаныс басқармасындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 27 мамыр күні сағ.10:00-де Орал қаласының қорғаныс басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» талқылауға арналған семинар-кеңес оздырылды.
Семинар-кеңес Департаменттің 2015 жылдың І тоқсан қорытындысы туралы ақпарат, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы туралы ақпарат берілді.
Шараға Департаменттің сотқа дейінгі тергеу басқармасының тергеушісі – Р.Өтешов пен мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты – Б.Хайруллин қатынасып, дәріс оқыды.


