Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

МЫҢДАҒАН ТҮРІК ЖЕБЕСІ (Әл-Жахиздың түріктер жайлы жазбаларынан үзінді)

Түркі халықтары туралы жазылған маңызды еңбектің бірі – Әбу Осман Әл-ЖАХИЗ жазған «Түркілер мен олардың артықшылықтары туралы Фатх Хаканға жолдау» атты трактат. Бұл еңбек осы күнге дейін сақталып, кеңес заманы тұсында орыс тіліне тәржімаланған. Біз осы еңбектің мазмұнын қысқаша ықшамдап ұсынып отырмыз.
Мыңдаған түркі жебесі
Хариджиттер шабуыл жасайтын кезде найзаның күшіне көбірек сенеді. Түркілер де найзаны араб-харидтер сияқты жақсы меңгерген. Дегенмен, мыңдаған атты әскер шабуылдап, әрқайсысы бір оқтан жіберсе, мың әскер өзінің бір ғана оғымен қарсы жақтың мың әскерін жойып жібереді.
Түркілердің садақ ату өнері
Араб-харидтер мен бәдәуилерде ат үстінде жүріп, садақтан оқ ату өнері жоқ. Түркі жауынгері жабайы аңдарды, құсты, нысананы, адамдарды, қозғалмай тұрған нысананы, орнатылған кескіндер мен жыртқыш құстарды дәлдеп атады. Түркілер садақты атпен шауып келе жатып алға да, артқа да, оңға да, солға да, жоғары да, төмен де ата береді. Араб-харидтер бір оқты садағына салғанша, олар он оқты атып үлгереді. Араб жазықта атпен қалай шапса, түрік таудан төмен түскенде дәл сондай жылдамдықпен жүйткиді. Түркінің 4 көзі бар – екеуі алдында, екеуі артында.
Түркілер ешқашан қайтпайды
Араб-харидтер шайқас кезінде шегінсе, соңына дейін шегінді деген сөз. Олар кей жағдайларда ғана болмаса, көбінде қашып кеткен жағынан қайта оралып, шайқасты жалғастырмайды. Ал, егер түрік шегінсе, оны өлімге апаратын у немесе қашып құтыла алмайтын ажал дей бер. Өйткені, ол шегініп, артқа шауып бара жатып та, алға шауып бара жатса да, садақтан оқты жаудыра береді.
Қаруы әрқашан бойында
Түркілер үнемі үстіне екі немесе үш садақ, соған сәйкес адырна асып жүруге дағдыланған. Ол шабуылдаған кезде оның қолында қажеттінің барлығы болады: қару, ат және соған керек-жарақтар.
Араб-харидтердің найзасы – ұзын және нысанаға көздеуге ыңғайлы болып келсе, түркілердің найзасы – қысқа және іші қуыс. Қысқа қуыс найзалар алып жүргенге де ыңғайлы және жаудың кеудесіне сілтегенде, үлкен күшпен тереңірек барып қадалады.
Түркілер
Түркілер түрік емес, жат елдің әскерінің құрамында кетіп бара жатыр делік. Егер әскер 10 миль жерді жүріп өтсе, бұл уақытта түркі әскері 20 мильді жүріп өтеді. Және бұл аралықта таудың басына шығып, олжа табу үшін жазықтың түкпіріне дейін кіруге дайын. Өзі солай кетіп бара жатып жол бойы жылжып, қозғалып, ұшып немесе түсіп бара жатқан нәрсенің бәрін ата береді. Түркілер ешқашан әскердегі басқа адамдармен бірге жүрмейді және тіке бір жолмен ғана жүріп өту оған тән емес.
Түркінің аты
Ұзаққа созылатын жорықтар, күнді күнге, түнді түнге ұрған сапарлар кезінде және шалғай жерлерді басып өткенде түркінің аты да, өзі де сыналады. Бұл тұрғыдан алғанда олардың жылқысы төзімділігімен және қайталанбас болмысымен ерекшеленеді. Араб-харидтердің аты түркілердікі секілді шыдамды емес.
Араб-харид атын емдейтін кезде барлық салатты қолданатын ем түрлерін ғана білуі мүмкін. Ал, түрік мал дәрігерінен де білгір және жылқысы нені қаласа, соны үйретіп, баптауға өте шебер. Ол жылқы босанарда өзі туғызып алады, оны құлын кезінен мәпелеп өсіреді. Құлыншақ иесі шақырғанда бірден жетіп барады, қайда барса да, ізінен қалмайды. Інген - «хал», түйе – «джахи», есек – «саса» деген сөзге өз атын естігендей елеңдейтін болса, ат та «адждам» деп шақырғанда құлағын түріп, жетіп келеді. Жынды өзінің лақап атын, ал, сәби өз есімін естігенде қайндай күйде болса, жылқы да соны бастан кешеді.

0
0
2194

Осы тақырып бойынша