Мазмұнға өту

Жаңа

ШҚО-да Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформа талқыланды

Өскеменде «Қуатты Қазақстанның 5 институттық реформасының тұжырымдамасы» форумы өтті. Ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері Астана мен Алматы сарапшылары мен саясаттанушылары қатысты, деп ШҚО Ақпараттық орталығы.

Форум жұмысы аясында қатысушылар пікір алмасты. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері, меморган қызметін дамыту, сот жүйесін жетілдіру сынды мәселелер талыланды.

Шара ұйымдастырушылары «Саясатанушылар конгрессі» республикалық қоғамдық ұйымында және ҚР Президенті жанындағы Қазақ ғылыми стратегиялық институтында сөз сөйледі.

Форум жұмысы қорытындысында ҚР Президенті ұсынған 5 институттық реформаның жүзеге асуы Қазақстаның 30 дамыған елдің қатарына енуінің негізі болып саналады.

Ақпарат көзі strategy2050.kz

0
0
413

Алдағы үш жылда Қазақстанда 27 балабақша салынады деп жоспарланып отыр

Алдағы үш жылда Қазақстанда 27 балабақша салынады, олардың көпшілігі Алматы, Астана қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында бой көтереді. «Мектепке дейінгі мекемелерде жинақтау жұмыстары даярлық топтары мектепке дайындала бастаған кезде жылына бір рет жүргізіледі. Білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда 6 мыңға жуық орын босағалы отыр, осы уақытта орындарды бөлу жұмыстары жүріп жатыр, бұл үдеріс те аяқталуға таяу. Қазір балабақшалардағы жинақтау жұмыстарын электронды портал арқылы жүргізу мәселесі көтеріліп отыр. Жыл бойына Астанада арнайы комиссия жұмыс істейді, оның мүшелері консультациялар мен жинақтау жұмыстарын жүргізеді»,-деді Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина Орталық коммуникациялар қызметінде. Мәжіліс депутаты Гүлмир…

0
0
469

Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

1991 жылдан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардың жалпы санының 5,5% құрайды. Денсаулық сақтау және ілеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, оралмандардың көпшілігі - 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% - Қытайдан, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден, 3,5% - өзге елдерден келгендер. Оралмандардың көпшілігі - 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - өзге өңірлерге орналасты. Елге келгендердің жалпы санының 55,6% - еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % - 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % - зейнеткерлер құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың көпшілігі (60,8%) жалпы орта білім, 20,5% - арнаулы орта білім,…

0
0
409

Қызылордадан Мәскеуге тұрақты әуе рейсі ашылды

Қызылорда мен Мәскеу қалалары арасында тұрақты тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері «Трансаэро» авиакомпаниясы арқылы қатынайтын алғашқы жолаушылар ұшағы таңғы сағат 07.55-те Қызылорда әуежайына келіп қонды. Әуе кемесі 120 орындық. Қызылордадан Мәскеуге дейін төрт сағат ұшады. Жол құны да қымбат емес. Екі бағытқа барып-келу 45 мың теңге шамасында. Бүгінгі алғашқы рейске 20 жолаушы билет алған. Қызылорда халықаралық әуежайында Мәскеуден келген алғашқы жолаушыларды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ қарсы алды. Аймақ басшысы жолаушыларды қуаныштарымен құттықтай отырып, аймақта көліктік логистика инфрақұрылымы дамып келе жатқанын айтты. « Бүгінде облыста «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолының және «Бейнеу…

0
0
360

Орал қаласының Зачаган кенттік округі әкімі аппаратындағы кездесу

2015 жылдың 27 мамырыкүні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев және Департаментің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш Орал қаласы Зачаган кенттік округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуден алдында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке өту жолдары, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалардың іске асырылуы туралы мәселелерді көтерді. Кейін, кенттік округ әкімі аппара…

0
0
661

Қазақстан мен Түркия бірлесіп телехикая түсіреді

Қазақстан мен Түркияға ортақ телехикая түсіру туралы келісімге қол жеткізілді. Түрік жағы оған қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін мәлімдеді. Ол туралы осы аптада болған Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркияның мемлекеттік TRT телеарадиокорпорациясының басшылығымен болған кездесуі барысында белгілі болды. Сонымен қатар, қазақстандық телеөнімдер Түркияда көрсетілетін болды. Оның ішінде, отандық танымал «Сырғалым», «Әке серті», «Ұлжан» және «Ағайындылар» туындыларын түрік тіліне дубляж жасауда осы елдегі Қазақстан елшілігі көмек көрсетеді. «Елдер мен құрлықтарды байланыстырушы үлкен құрал – телевизия болып саналады. Түркияның ең ірі мемлекеттік телеарнасы TRT, оның ішінде 8 мемлекетке хабар тарат…

1
0
498

Қазақстан адами капиталды дамыту индексі рейтингінде 37-ші орында

Дүниежүзілік экономикалық форумда Адами капиталды дамыту индексі бойынша ұсынылған баяндама бойынша 2015 жылы Қазақстан 37-ші орынға ие болды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (45 орыннан) 8 сатыға жоғары. «Адами капиталды дамыту индексі білім беру жүйесінің нәтижелігін, еңбек және жұмыспен қамтуды бағалау жолымен 124 елдегі адами капиталдың дамуы тиімділігін өлшейді. Қазақстан білім беру тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетті: жастардың сауаттылық деңгейі бойынша - 33, бастауыш біліммен қамту бойынша - 15 орында. Сонымен қатар, Қазақстанда 2 жыл ішінде бастауыш мектеп сапасы (+ 3 позицияда), білім беру жүйесінің сапасы (+9 позицияда) бойынша қарқынды алға жылжу бар», - делінген ҚР БҒМ мәліметінде. Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Португалия (38 орын…

0
0
286

Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

1991 жылдан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардың жалпы санының 5,5% құрайды. Оралмандардың көпшілігі - 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% - Қытайдан, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден, 3,5% - өзге елдерден келгендер. Оралмандардың көпшілігі - 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - өзге өңірлерге орналасты. Елге келгендердің жалпы санының 55,6% - еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % - 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % - зейнеткерлер құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың көпшілігі (60,8%) жалпы орта білім, 20,5% - арнаулы орта білім, 8,7% - жоғары білім алса, білімі жоқ оралмандар саны - 9,9%. 201…

0
0
452

Киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатында Үкіметтік коммиссия құрылады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрим Мәсімов 2015 жылы Қостанай, Ақмола және Ақтөбе областарында киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатында Үкіметтік комиссия құруды тапсырды

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
339

Қазақстанда АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген

Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген. «СҚ-Фармация» ЖШС-нің сатып алу бойынша тендерлік шараларының қорытындылары шыққанға дейін медициналық ұйымдарды АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балаларды емдеуде қолданылатын «Алувия» препаратымен қамтамасыз ету республика өңірлері арасында қайта бөлу аясында толық көлемде іске асырылады. Айта кететін жайт, Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын балалар тек түпнұсқалық дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі. АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан науқастарды емдеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бекіткен хаттамалар негізінде жүзеге асырылады. Антиретровирустық препараттарды медициналық ұйымдар ұсынған қажеттілік негізінде бекітілген бағалар бойынша орталықтанды…

0
0
422