Мазмұнға өту

Жаңа

Күрес самбосы бойынша әлем чемпионы, UFC боксышысы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

5 маусым күні сағат 12.0-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 11-қабатында Қазақстанның ММА Федерациясы қазақстандық бірінші спорт арнасы «Қазспорт» телеарнасымен бірлесе отырып, күрес самбосы бойынша әлем чемпионы, UFC боксшысы Хабиб Нурмагомедовтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауы бойынша, Х.Нурмагомедов Қазақстанда алғаш рет ММА техникасы бойынша (аралас жекпе-жек) шеберлік сағатын көрсетеді. «Қазспорт» телеарнасы аталған семинарды өзінің телевизиялық хабарларында ақпараттандырады. Әлемдік ММА жұлдызының семинары 5 маусым күні сағат 18.00-де Астана қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінің ғимаратында (Дүкенұлы көш., 18) және 6 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы жоғары спорт шеберлігінің мамандырылған мектебінде (Ақсай-1 ықшам ауданы, 10 ү…

0
0
507

Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда санитарлық авиация 473 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылғы І тоқсанда 473 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 82-ге немесе 17% артты. Барлығы 602 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 445 науқас тасымалданып, 130 кеңес берілді және 27 ота жасалды. Тасымалданған науқастардың 62% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 38% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 3 науқас шетелдерден елге әкелінді. Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ос…

0
0
280

Қазақстанның АӨК-нің дамуы Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлардың кеңесінде талқыланды

Тәуелсіз сарайында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның аграрлық секторының дамуына арналған Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлардың XXVIII кеңесі өтті. Жиын барысында кеңеске қатысушылар Қазақстанның аграрлық саласының даму әлеуеті мен басымды бағыттарды, АӨК жаңа алдыңғы қатарлы техниканы енгізу мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылықты арттыру аясында ұсыныстарды талқылады. Ауыл шаруашылығы дамуының мүмкін болатын жолдары бойынша ұсыныспен «Metro Cash and Carry», «Baker and McKenzie International», «Philip Morris International», «Citigroup», «Deloitte CIS», «Deutsche Bank AG», «EY» компанияларының өкілдері сөз сөйледі. Инвестициялық жобалармен, ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникасы ұсынылған саланың инвестициялық тартымдылығымен…

0
0
948

2015 жылдың 3-4 маусымы аралығында

Өскемен қаласындағы ҚР-ның Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының базасында Жедел Әрекет ететін Ұжымдық Күш құрамына кіретін ҰҚШҰ (Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы) мүше-мемлекеттердің ІІМ бөлімшелерінің басшыларымен жедел жиын өткізілуде.

0
0
340

Алыс және жақын шетелдердің жетекші мамандары астаналық дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізді

2015 жылғы 18-31 мамыр аралығында Астананың №1 қалалық ауруханасы базасында Литваның Вильнюс университетінің Сантариш клиникасының мамандары реабилитолог, кинезитерапевт, эрготерапевт, логопед сияқты мамандарға шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шара мақсаты – инсульт және көп жарақат алған науқастарды оңалтуда инновациялық тәсілдер енгізу. Оқу-клиникалық орталық базасында мамырдың 19-21 аралығында Сент-Луис (Миссури, АҚШ) университетінің ортопедиялық хирургия департаментінің профессоры Жолдас Құлжановтың қатысуымен травматолог, жедел жәрдем және қабылдау бөлімдерінің дәрігерлеріне арнап «Тіркес жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің заманауи стандарттары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Оқу барысында астаналық дәрігерлер дәрістер тыңдап, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда бе…

0
0
346

Қазақстанда нашақорлықпен күрес жөнінде айлық басталды

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгін республикада «Сенің өмірің. Сенің қоғамың. Есірткіге орын жоқ!» ұранымен Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне арналған айлық басталды. Айлық барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде психоактивті заттарды пайдаланудың профилактикасы жөнінде дөңгелек үстелдер, дебаттар мен пікірталастар ұйымдастырылып, оларға атақты актерлер, спортшылар мен әншілер қатысады. Халық көп жиналатын орындарда танымал адамдар мен ардагерлердің қатысуымен флэш-моб шараларын өткізу жоспарланған. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында, наркодиспансерлерде, жастардың денсаулық мектептерінде және темекі қарсы орталықтарда ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтарға психологтар, наркологтар және әлеуметтік қ…

0
0
384

Алматыда Қазақстан терапевтерінің IV съезі және кардиологтарының VII конгрессі өз жұмысын бастады

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының, ҚР Терапевтері мен кардиологтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Халық денсаулығы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі» тақырыбында Қазақстан терапевтерінің IV съезі және кардиологтарының VII конгресі өз жұмысын бастады. Іс-шараға Түркі әлемі кардиологтары қауымдастығының президенті Омер Козан, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Жапония, Австрия, Португалия, Сербия, Словакия, Румыния, Болгария, Литва, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші ғалымдары, сондай-ақ, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері, кардиологтар мен терапевтер қатысуда. Маусымның 2-5 аралығында съезд және конгресс аясында терапевтік жә…

0
0
330

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда қоғамда тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және қолданылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі мәселелері қарастырылды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zandylykty-kukyktyk-trtipti-zhne-kylmyska-karsy-kuresti-kamtamasyz-etu-zhoninde-17

0
0
271

«Педагогикалық вернисаж» көрмесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қолөнер туындыларының көрмесі өтуде. Бас шаһарға Шымкент қаласынан келген Балалар көркемсурет мектебінің педагогтары ұлттық өнерге негізделген қолөнер туындыларын жұрт назарына ұсынды. ЮНЕСКО клубымен бірлесе өткізген шара «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында ұйымдастырылған. «Педагогикалық вернисаж» деп атауы айтып тұрғандай, көрмеде ЮНЕСКО клубы - балалар көркемсурет мектебі, Шымкент қаласы жалпы білім беру мектептерінің және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының туындылары мен тәрбиеленушілерінің жұмыстары көрсетілді. Шымкент қаласы көркемсурет мектебінің іргетасы 1967 жылы қаланған. Жарты ғасырға жуық тарихы бар мектеп көптеген жас таланттардың жолын ашты. Бүгінгі көрмеге тек қана педагог мамандар мен оқушылардың еңбект…

0
0
2322