Атақты боксшы, әлем чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Қазақстанда шеберлік сабағын өткізеді
5 маусым күні сағат 12.00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 11-қабатында Қазақстанның ММА Федерациясы қазақстандық бірінші спорт арнасы «Қазспорт» телеарнасымен бірлесе отырып, күрес самбосы бойынша әлем чемпионы, UFC боксшысы Хабиб Нұрмагомедовтың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді, деп хабарлады «Қазақстан» ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Х.Нурмагомедов Қазақстанда алғаш рет ММА техникасы бойынша (аралас жекпе-жек) шеберлік сабағын көрсетеді. «Қазспорт» телеарнасы аталған семинарды өзінің телевизиялық хабарларында жпариялайды. Әлемдік ММА жұлдызының семинары 5 маусым күні сағат 18.00-де Астана қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінің ғимаратында (Дүкенұлы көш., 18) және 6 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы жоғары спорт шеберлігінің…



