Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР МҚІжСЖҚІҚА жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн режимінде өтті

2015 жылғы 4 маусымда мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, жергілікті Департаменттердің қатысуымен онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңеске облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев және Департамент жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Қоғамдық кеңес барысында үш мәселе қаралды:

-      Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша нәтижелер;

-      ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру  туралы жыл сайынғы ұлттық есеп беруді қалыптасу кағидаттары;

сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексі.

 

 
0
0
801

Осы тақырып бойынша

ҚР МҚІжСЖҚІҚА жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн режимінде өтті - Yvision.kz