БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 3 маусым күні сағ.15:00-де Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Орал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.
Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі этика нормалары, олардың қоғамдық орындардағы өздерін ұстауы, қоғамның мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мәселелері қозғалды.
Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты Б.Хайруллин «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары», БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы З.Бисембаева «Азаматтармен байланыста өзіңді қалай ұстау керек» тақырыптарында дәрістер оқыды.
