Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақ хандары» атты кітап жарық көрді

Дәл қазір Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ, Алматыда «Қазақ хандары» атты 3 тілдегі тарихи-танымдық кітап жарық көрді. Жаңа кітап 7 мың данамен басылып шыққан. Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу биыл еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. 550 жыл бұрын Талас және Шу өзендерінің арасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрған Жамбыл облысында айтулы шаралар жоспарланған. Олардың арасында театрландырылған көрініс, «Мәңгілік Ел» атты республикалық ақындар айтысы, «Қазақ хандығының құрылуы және тарихы» кітабының тұсаукесері, «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесі, ҚР Президентінің жүлдесі ойнатылатын қазақша күрестен «Еуразия барысы» халықаралық жарысы сияқты шаралар бар. Бұдан басқа…

0
0
766

Маңғыстау облысында жалақы қарызын өтеу жөніндегі талап арыз қанағаттандырылды

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотында талапкер К.Ақшолақованың жауапкер «Түпқараған» ЖШС-нен жалақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/mangystau-oblysynda-zhalaky-karyzyn-oteu-zhonindegi-talap-aryz-kanagattandyryldy

0
0
462

Таразда еліміздің алты облысы мерейтойлық салтанаттарға даярлықты бастады

Жамбыл облысында, Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр екен. Әрине, жаһандану заманында ұлттың өз ділін, тарихын сезініп, ұлт ретінде ұйысып отырғандарын сезінуі – аса маңызды фактор. Тіпті, бүкіл Қазақстанның бір облыс аумағында бас қосып, бір ойдың астында іске кіріскендері жүрекке жылулық ұялатады-ақ. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарға кірісіп кетті. Таяу күндері басқа облыстардан келген кәсіпкерлер саябақтар, көпірлерді жаңартуды, көшелерді абаттандыруды, жаңа саябақтар салып, ескерткіштер орнатуды бастайды. Бір қызығы, Таразда әрбір қазақстандық облысқа жеке…

0
0
873

Бүгін – «Қыздар» телехикаясының соңғы бөлімі

Режиссер Р.Сүлейменов түсірген телехикаяның соңғы 32-бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар. Бүгін Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан отандық туынды «Қыздар» телехикаясының соңғы бөлімі. Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқан студенттердің қызыққа толы өмірі туралы баяндайтын туынды 32 бөлімнен тұрады. Телетуынды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Көркем фильм» киностудиясында түсірілген. Телехикая сюжеті бойынша жастарды бірлікке шақыратын журнал шығару барысында негізгі төрт кейіпкер Айлан, Мерей, Айзере және Қаныкей айнымас достарға айналады. Алғашқыда бір-бірінің мінездеріне шыдай алмаған қыздар түрлі жайттарды бастан кешіреді. Алайда, түбінде достық бәрін жеңіп шығады. Оқиға желісі журнал шығару барысында өрбиді. Ст…

0
0
794

Бұл Жолдауда Үкіметке нақты тапсырмалар берілді

Осы жылғы Жолдаудың шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясат жүргізілетіні туралы хабарлаған болатын. Осы құжатқа қатысты түрлі деңгейде пікірлер айтылып жатыр, қоғамда да кеңінен талқылануда. Төменде сіздерге арнап өзімді қызықтырған үш қоғамдық тұлғаның айтқан пікірлерімен бөлісіп отырмын. Жарқын Түсіпбекұлы, саясаттанушы: Президенттің бір жылда екі рет өткізген Жолдауына таң қалып жатқандар көп. 2012 жылы да осылай бір жылда екі рет Жолдау арнаған болатын. Биыл да солай, есесіне 2013 жылы Жолдау болған жоқ. Мемлекет басшысы кеше «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» келер жылға деп атап өтті. Әдеттегідей мұқият тыңдадық. Бұл жолы жалпылама емес, нақты басымдық беретін дүниеге ерекше тоқталды. Ол – жолда…

0
0
820

Президент терроризмді ақтап алу үшін Исламды пайдалану – дінді қорлау екенін айтты

Дәл қазір Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтіп жатқаны белгілі. Міне, осы шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев діни көшбасшыларға өз ізбасарларын бейбітшілік пен кешірімділікке шақыруды ұсынды. Әрине, түрлі геосясаи ойындар, мемлекеттік мүдделердің тоғысып, тіпті қақтығысып жатқан кезеңінде мемлекет басшысының мұндай іске шақыруы көңілдегі күдікті кейін қайтарып, үміт отын жағатыны рас. Бейбітшілік пен ақ пейіл достық әлемдік кез келген діннің басты ұстанымы емес пе!? Сондай-ақ, Президенттің ислам, мұсылман тағдырына қатысты айтқан сөзі де көңілге қонымды. Асыл дініміздің бүтіндей халықтардың қарғысын арқалап жүрген лаңкестерге еш қатысы жоқ екені бәрімізге белгілі. Сонымен қатар, съездің екінші отырысында сөз алған Мемлекет б…

0
0
725

«Әдемі-ай» бағдарламасының жаңа маусымы жаңалықтарға толы

Достар, сән әлеміне қызығатындар бар ма араларыңда? Бәлкім, болашақта сәнді көйлек тігіп, белгілі дизайнер немесе түрлі киімді ел алдында таныстыратын сән әлемінің жұлдызы боламын дегендер бар шығар? Ендеше, сіздерге айтар тамаша жаңалығымыз бар! Маусым айында «Балапан» телеарнасыдан «Әдемі-ай» бағдарламасының жаңа маусымы басталды. Әрине, жаңа маусым түрлі жаңалықтарға толы болмақ. Солармен таныс болып, «Әдемі-айдың» көптің көңілінен шығуына өз үлестеріңізді қоса аласыздар! Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар дүкен аралап, ұсынылған тақырыпқа сай өздеріне киім таңдайды. Одан кейін студияда сән шеруін көрсетеді. Ал, екінші кезеңде дүкеннен алған киімдеріне үйлесімді әшекей бұйымдар жасайды. Жұмыстарын сән алаңында көрермендерге көрсетеді. Кәсіби сәнгер бағдарламаға…

0
0
1718

«100 нақты қадам»: Орнықты экономика» тақырыбында радиоконференция өтті

Қазақ радиосының әуе толқынында «Айтөбел» хабары аясында «100 нақты қадам»: Орнықты экономика» атты радиоконференция өтті. Радиоконференцияға профессор, академик Кенжеғали Сағадиев пен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, экономист Ғазизат Имақова қатысты. Радиоконференцияны Эльмира Сабырқызы мен Базарбай Ерісұлы жүргізді. Радиохабарды «Қазақ радиосының» сайтындағы мына парақшаға өтіп, тыңдай аласыздар. Еске сала кетейік, 2015 жылдың сәуір айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаевтың аталға жоспары қазақстандықтар назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қ…

0
0
670

Бернардтың басынан кешкендері «Таңшолпанда»

Ол қызыққа батқысы келеді... бірақ оны жолдан әрдайым қауіп-қатер күтіп алады. Дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы сағат 07:00-ден бастап 10:00-ге дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетілетін «Таңшолпан» бағдарламасы «Бернард» атты мультфильм ұсынады. Кішкентайларға қосып берер алдында не туралы екен деп білгіңіз келсе, біздің анықтамалыққа көз жүгіртіп өтіңіз: Саяхаттауды өте жақсы көретін Бернард атты ақ аю қайда бармасын, қолына не алмасын, әйтеуір, ақыр аяғы түрлі кедергілерге ұшырап, әбден қиналады. Бірдеңені білмекке деген табиғи құштарлығы мен алған бетінен қайтпайтын қасиеті біздің бас кейіпкерді түрлі жағдайға тап қылады. Ллойд пен Ева атты пингвиндер, Голиаф пен Пайлот атты иттер осы бір испаниялық туындының сәнін келтіреді, ал Бернардтың бұрыннан келе жатқан «танысы» кесі…

0
0
393

Департамент жұмыс тобының Жәнібек және Бөкей Орда аудандарындағы үгіт-насихат жұмыстары

2015 жылдың 3-5 маусым күндері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығымен бірлесіп құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Жәнібек, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округтері мен Бөкей Ордасы ауданының Сайхын, Бисен, Орда ауылдық округтеріне барды. 
0
0
404