Мазмұнға өту
qazaq_bala

Д. Ғаниев

@qazaq_bala

Сайтта 2015 ж. 9 маусымКазахстан, Алматы

Жоғарғы оқу орнын журналистика бойынша бітірмесем де, әлде тағдырым, әлде талғамым айдап, медиа маман болып жүрген жайымыз бар.

рейтинг

100

жазбалар

21

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Тағаттылықтың тартымды үлгісі

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға қатысу үшін Астанаға келген ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті. Кездесу аясында екі тарап Қазақстан мен ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары кеңсесі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын сөз етті. Е. Ыдырысов А.Турс сапа­ры­ның тағатты әрі көпұлтты қоғам қалыптастыру ісіндегі елі­міз­­дің жетістіктері туралы ақпа­ратты «тура деректемеден» алу­дағы және Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсе­сі­нің жобалық қызметін белсен­ді­лендіруде жаңа мүмкіндіктер ашу­дағы маңыздылығын атап өтті. Сыртқы саясат ведомствосының бас­шысы Қазақстан қаржы дағ­дары­сына сәтті қарсы тұрып, бәсе­кеге қабілетті 50 елдің экономи­кала…

0
0
592

Қарым-қатынастар мүмкіндігі артып келеді

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова бастаған бір топ депутат Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті төменгі палатасының (Волеси Джирга) делегациясын қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Делегация жетекшісі Ауғанстан Парламентінің Әйелдер мен балалар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шукрия Пайкан Ахмади болды. Кездесуде негізгі әңгіме Мәжіліс ұйымдастырған Қазақстан халқы ­Ас­сам­­­б­­леясының 20 жылдығына арнал­ған халық­аралық конференцияға арнал­ды. Жүздесуде Қазақстандағы ұлт­ара­лық келісім тәжірибесіне көпұлтты Ауған­стан тарапы қызығушылық танытты. Сонымен бірге, Г.Ықсанова Мәжі­ліс өткізген конференция оған қаты­сушы­лар үшін барлық жағынан пайдалы болға­нын айтты. Және де Қазақстан Прези­денті Н.Ә.Наза…

0
0
519

Ассамблея жылында ауқымды шаралар көп

Он сегізінші маусым күні, кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова төрайымдық еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Шарада Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов, Инвестициялар және даму вице-министрі С.Сәрсенов, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Калашникова баяндама жасады. Олар Ассамблея жылында атқарылып жатқан шаралар туралы біршама ақпарат берді. Спикерлердің баяндамаларынан белгілі болғанындай, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соның ішінде 470-тен астам әлеуметтік жоба қолға алынған, оларға барлық елді мекенде тұратын 8 милли…

0
0
864

Павлодар облысы тұрғындарының 70% мемлекеттік тілді меңгерген

Қазақ тілін үйретуге деген ықылас-ниет тудырту мемлекеттік тілді неге меңгермедіңдер деп байбалам салудан әлдеқайда тиімді екенін халық түсініп келе жатыр деп ойлаймын. Тағы бір тенденция: соңғы кезде өзге ұлт өкілдері арасындағы таныс-білістерім қазақ тіліне қызығып отыр. Балаларын мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақша, мектептерге беріп жатыр. Әдетте, басқа өңір халқына қазақ тілін мүлдем білмейтіндей болып көрінетін солтүстік жұрты туралы төмендегі жаңалықты оқып... тағы бір көтеріліп қалдым. Ертістің Павлодар өңірі тұрғындарының 70% мемлекеттік тілді түрлі деңгейде меңгерген. Бұл туралы «Ертіс» баспасөз клубында өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Қабжан Еділбай мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша павлодарлықтардың қазақ тілін меңгеруі ал…

0
0
705

Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1-тоқсанында 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Геосаяси ойындар шиеленісіп, экономикалық жағдай сәт сайын ушыға түскен кезде азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуі үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты жұмысқа орналастыру бойынша түрлі шаралар жүзеге асырылуда. «Екі қолға бір күрек» деп қызмет іздеген ел түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында қажетті кәсіп, мамандыққа ие бола алады. Осыған дәлел ретінде төмендегі статистиканы келтіре аламыз. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанына 14 931 адам жұмыспен қамтылды. «Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанына экономикалық белсенді халық саны - 367,7 мың адам (1 тоқсан 2014 ж.- 352,9 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны - 34…

0
0
471

Экономикалық одақ қызметі таныстырылды

Ұлыбританияның астанасы Лондонда Еуразиялық экономикалық одақтың даму болашағына арналған екікүндік брифинг өтті. Аталған шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов, Біріккен Корольдік мемлекеттік органдарының өкілдері, британдық жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының және жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысты. Брифинг Корольдіктің Қорғаныс және қауіпсіздік институтында өтті. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов іс-шараны ашып, брифингке қатысушыларды Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің даму барысымен таныстырып өтті. Е.Қазыханов Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын 1994 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғаны, ал ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылы Астанада қол қойылғаны атап…

0
0
885

«ҚазАгро» несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд теңгенің өтінімдері мақұлданды

Несиелік бағдарламалар бойынша 65 млрд теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен 3000 өтінім қаржыландырылатын болды. «Жалпы қазіргі уақытта «ҚазАгро» холингінің несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд теңгеден астам сомасына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен 3000 өтінім қаржыландыруға мақұлданды. Егін егу алқабы 6,3 млн га жерді құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары», - деп көрсетілген компания таратқан баспасөз хабарламасында. Көктемгі егіс жұмыстары аясында «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 8,7 млрд теңге сомасына 994 бірлік ауыл шаруашылық техникасын лизингке алу өтінімдерін қаржыландырды. Астық жинау техникасын алу бойынша 9,1 млрд теңге жалпы сомасына 1 156 комбайндарын иемденуге өтінімдер қабылданды, жалпы сомасы 4,6 млрд…

0
0
552

Мақсат – алысты жақындату

Адамзат өркениетінің алғашқы тасы қаланған сәттен бастап-ақ жол үлкен маңызға ие болды. Ел болып қалыптасу, алыс-жақынға өзіңді таныту, өзгені тану, білім игеру, азық-түлікпен қамтамасыз ету – осының бәрі жалғыз аяқ соқпақтан бастап сан жолақты автобанға дейінгі түрлі жолдың арқасында жүзеге асады. Президенттің бес халықтық реформасының 58-қадамында жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық инвесторлар тарту көзделген. Бұл бағытта елімізде ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ғасырдың ғаламат құрылысы аталған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы Президенттің тікелей бастамасымен қолға алынғаны белгілі. Бұл стратегиялық нысан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа сапалық деңгейге көтереді…

0
0
1322

Милан ЭКСПО-сындағы қазақстандық павильон ерекшеліктері

Миланда өтіп жатқан халықаралық көрмеде Қазақстанның павильоны ерекше-ақ болып тұр екен. Оған жергілікті және халықаралық басылымдардың жазғаны дәлел. Мәселен, танымал Reppublica газеті жүргізген сауалнамада Миландағы ЭКСПО көрмесіндегі еліміздің павильоны колумбиялықтардан кейін екінші орын алып отыр. Италия халқын алыста жатқан көшпелілер ұрпағының немен өмір сүретіні ерекше қызық секілді, әйтеуір, қазақстандық павильонның алды қашан да кезекке толы. Сәтін салса, екі жылдан кейін Астанада өтетін EXPO-2017 шарасының әрі жарнамасы, әрі шақыруы болып отырған осы бір орынмен таныса отырсақ. "Бұл павильонның концепциясы өте қарапайым, бірақ Қазақстан жерін барынша "мүмкіндіктер мекені" ретінде сипаттайды. Павильонда шоу, интерактив және тарих элементтері барынша үйлескен. Павильон қабықшасы…

0
0
649

Испания ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға дайын

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген рас-ау, 2017 жыл жақындаған сайын жақын уақыттың бас көрмесінің маңызы да, мәртебесі де ерекше талқылауға, айрықша мән беруге ие болып келеді. Қазірдің өзінде 27 мемлекет пен төрт халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын мәлімдеді. Алдағы уақытта өзге де мемлекеттердің аталған шараға қатысуы үшін Қазақстан тарапынан түрлі іс-әрекеттер қолға алынбақ екен. Соның дәлелі ғой: осы айдың он бесі мен он алтысында EXPO-2017 Комиссары және ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Испания Королдігіне сапарлай барып, түрлі екіжақты серіктестік туралы шараларға қатысып, құжаттарға қол қойып қайтыпты. Сапар барысында Р.Жошыбаев Испания Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо, Сыртқы істер жөніндегі мем…

0
0
501