З.Дияс алты бірдей матчболды пайдалана алмай, жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы, жиырма бір жасар Зарина Дияс Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымында американдық Сачия Викеримен күш сынасты. Еуроспорт 2 телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, Зарина ойынды өте сәтті бастап, 5:0 есебімен алда тұрды. Алайда бұдан кейін 20 жасар, дүниежүзілік рейтингте 129-ыншы орында тұрған С.Викери қатарынан төрт геймді ұтып, есепті 4:5-ке дейін қысқартты. Бірінші партиядағы соңғы гейм аса тартысты болып, он бес минутқа созылды. Американдық теннисші әлденеше рет брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне тәжірибесі мол Зарина ақыры дегеніне жетіп, бірінші партияны 6:4 есебімен жеңіспен аяқтады. Екінші партияда алдымен брейк жасаған С.Викери 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен көп ұзамай қар…

