Мақсат – алысты жақындату
Адамзат өркениетінің алғашқы тасы қаланған сәттен бастап-ақ жол үлкен маңызға ие болды. Ел болып қалыптасу, алыс-жақынға өзіңді таныту, өзгені тану, білім игеру, азық-түлікпен қамтамасыз ету – осының бәрі жалғыз аяқ соқпақтан бастап сан жолақты автобанға дейінгі түрлі жолдың арқасында жүзеге асады. Президенттің бес халықтық реформасының 58-қадамында жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық инвесторлар тарту көзделген. Бұл бағытта елімізде ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ғасырдың ғаламат құрылысы аталған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы Президенттің тікелей бастамасымен қолға алынғаны белгілі. Бұл стратегиялық нысан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа сапалық деңгейге көтереді…
