Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Дала дауысы» радиофестиваліне өтінімдер қабылдау басталды

Достар, тамаша жаңалығымызбен бөлісе отырайық: Қазақ радиосы халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің IV маусымына өтінімдер қабылдауды бастады.


Әртүрлі жылдардағы қазақ әнінің фестивалі ретінде ойластырылған жоба қазақ әнінің халықаралық деңгейдегі заманауи, бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттауды мақсат етеді.

Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі дүниежүзі елдері арасында өткізіледі. Фестивальда әнді жазушы тұлғалар (композитор, ақын, өңдеуші) емес, тек орындаушылар ғана марапатталады.

Қатысушыларға :

- Қазақтың халық және  халық композиторларының әндерін (дәстүрлі әндер);

- Академиялық бағыттағы қазақ композиторларының әндерін (қазақ операларынан ариялар, жекелеген әндер);

- Заманауи әндерді (эстрадалық), түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, еуропалық академиялық, эстрадалық), түрлі стильде (классикалық, эстрадалық, поп, рок, реп, хип-хоп т.б.) орындауға  еркіндік беріледі.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Фестивальге қатысуға «Дәстүрлі ән», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Академиялық ән» номинациялары бойынша жасы 45-тен аспаған Қазақстан және шетел орындаушылары ұсыным бере алады;
  • Фестивальге қатысушы үміткерлер өмірбаян, дискография және фотосурет (3 дана) тапсырады;
  • Фестивальге қатысушы әннің тілі қазақша болуы шарт. Егер, қатысушы үміткер шетелдік болса, аталған үш номинацияға қатысты өз халқының әнін орындауға болады, тек ән мәтінін қазақ тіліне аударып орындайды;
  • Ұсынылатын әнге орындаушылық, жанрлық, стильдік формат жағынан шектеу койылмайды;
  • Аудиотаспаның форматы MP3 (стерео, сапасы – 256 кбит/с, дискретизация жиілігі – 48кГц). Фонограмманы мына электрондық жәшікке жіберулеріңізге болады:  [email protected]. Жіберілген хатта трэктің  толық сипаттамасы болуы тиіс;
  • Әрбір қатысушыға радиотолқыннан ротацияға 5-8  минуттан артық уақыт берілмейді.

Өтініш беру тәртібі:

  • Халықаралық «Дала дауысы» радиофестиваліне қатысу үшін [email protected] электронды поштасына  сұраныс жіберіледі.
  • Сұраныста міндетті түрде:

- Қатысушының толық аты-жөні немесе өнер ұжымының толық атауы;

- Қатысушының шығармашылық өмірбаяны, хоббиі, шығармашылық ұстанымы;

- Мекен-жайы (индекспен бірге);

- Байланыс телефондары мен электронды адресі көрсетілуі керек;

- Фотосуреті (3 дана. Суреттер кәсіби фотосалонда көркемсурет жанрында                    түсірілуі керек) болуы қажет.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-32-53

Жоба жайында: «Дала дауысы» - әр жылдардағы қазақ әнінің фестивалі ретінде ойластырылып ашылған бағдарлама. Осыған дейін үш маусымы өтті. Жоба қазақтың рухани өнерін, мәдениетін халықаралық деңгейде дамытуға негіз салуды, қазақ әнін әлемдік деңгейде таныту арқылы ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттауды және отандық әншілердің шығармашылық шабытын оятып, жас толқынның шығармашылық бағытын айқындауға ықпал етуді, сондай-ақ, ұлттық өнерді насихаттауға ақпараттық қолдау көрсетуді мақсат етеді.

0
0
379

Осы тақырып бойынша

«Дала дауысы» радиофестиваліне өтінімдер қабылдау басталды - Yvision.kz