Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар тілі — сленг

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. (Ахмет Байтұрсынұлы)

Қазіргі уақытта тіл туралы ой қозғамаған адамда қалмаған шығар. Қариялар, үлкен ағамыздардаң бастап, мен сияқты жас студенттерге дейін, тіл мәселесін күнделікті көтеруде. Демек, бұл үлкен мәселе.

Қазақ тілі өте бай тіл деп, көп айтып жатамыз. Бірақ қазіргі кезде қазақша сөйлеген адамды көрсе, біреулер қуанады, екіншілер таңғалады. Бұл әсіресе жастарға байланысты. Орысшаланып кеткен, небір түрлі түсініксіз сленг сөздерімен сөйлетін, біздің жастар.

Студенттер, мектеп оқушылары қазақ тілінде таза сөйлеуді қойды. Онын орнына сленг, жаргон сөздерді жиі қолданатың болды. Бұл қазақ тілінің қоғам арасындағы деңгейінің төмендеуі деп айтсақ қателеспейміз. Алдымен «сленг» деген не? Ол жаргонның бір түрі, сөздерге жаңа мағына беру. Жалпы сленг сөздерді, жастар өзара ерекше сөйлеу үшін қолданады. Өздерін басқалардан бөлек, күшті сезіну себебімен де болуы мүмкін. Күнделікті естіп жүрген жаргон, орысша сөздермен ғана емес шетел тілімен де кездеседі.

Сленг жастар арасындағы қарым-қатынастың бір ерекше түрі. Жаргонмен сөйлеп олар бір-бірін жақсы түсінеді. Мұндай сөйлеу мәнерің түсіне алмайтың үлкен кісілерімізді мазазысдандырады. Қазақ жастарымыздың орысша сөйлеуі бір мәселе болса, түсініксіз жаргонда сөйлеу екінші мәселе. Оның шешімі бар ма? Осы сұрақтың жауабың табу өте қиын. Алдымен қазақ жастарың қалайша таза сөйлетуге болады? Егер кейбіреулері Абайды да білмесе? Есей Жеңісұлының «Абайды қайтем» деген мақаласында, қазіргі жастардың мәнері жазылған. Дөрекі сөйлеп, блогтарына балағат сөздерді жазып, мәдениет және тәрбие дегенді білмейтіндігің нақты көрсеткен. Тек ұлдар ғана емес, қыздарда үнемі боқтанып жүретіні бәріне белгілі. Осыдан балалардың ішкі мәдениетін анық аңғаруға болады.«Абайды қайтем, жеті атамды жаттап алайын» деген бір 8-ші сыныпта оқитың баланың сөзі. Ұстаздарымыздың алдыңда мен қазіргі жастарымыз үшін ұялам. Мәдениетті сөйлеу, қоғымның дамуына да байланысты. Мұның бәрені ғаламтор, технологиялық жетістіктер, батыстың киноларының әсері шығар.

Ахмет Байтұрсынұлы ағамыздың айтқандай «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады».

Тілі бардың, елі бар дейді. Әркім қазақ тілін бұзылмай сақталуын тілейді деп үміттенемін. Сол үшін Абайды, Мұқағали Мақатаевті, Ахмет Байтұрсынұлын, Мұхтар Әуезовты, Сәкен Сейфуллин және тағы басқа көптеген ақын жазушыларымызды оқып, білуіміз қажет деп еместеймін. Тілдің мәдениеті, болашағы, сақталуы, қоғамның қолыңда.

 
1
0
9965

Осы тақырып бойынша