Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ата-аналарға алтын сырға !!! 10 тәрбиелік Іс- әрекет балаларыңызға ұмытпас балалық шақ сыйлайды!!!

 

Менің балалық шағым бақытты болды деп айта аламын. Отбасымда кенжесі болдым, сондықтан уйдегі назардың бәрі менікі еді. Балалық шақтағы естелік мен үшін ең керемет, таза, ақ арман, суйіспеншілік кезеңі. Әттеген ай ол уақыт басқа келмейді. Бірақ өз балаларымыздың балалық шағын барынша жарық етуге мына 10 іс әрекет қажет.

  1. Балаңызға кітап оқыңыз. Өзіңіз кітап оқып беріңіз. Жан жақты дүниетанымдылығы көбейеді. Бізде кейде жейтін нан да, киімде болмады. Бақыт ода емес, менің әпкемнің кезекті орысша бітірген кітапбінің әңгімесін тындау, соны күтіп жүреміз. Сол бақыт болды мен үшін.
  2. Баланы әрқашан тындау керек. Алдына тізеңізді бүгіп отырып, бір деңгейде, бөпеңіздің не айтарын құлақ асыныз. Оны уақытысында жасамасаңыз, олар не айтарын ұмытады ертен ақ. Қазіргі бала кезіндегі маңызды емес титімдей сөздерін тындамасаңыз, өскенде маңызды үлкен проблемаларын сізге айтпайды. Сондықтан балаңызға “Қазір күте тұра тұрш демей “, facebook, Instagram, телевизорға айтыңыз, оладың жүрегі ауырмайды, ренжімейді.
  3. Келесі ол құшақтау, өз сезімін білдіру, соған уйрету. Адам құшақтасқанда жеңілденіп бақытты сезінеді. Соны сұратқыздырмай жасау керек. Менің ойымша өте маңызды.
  4. Тамақты стөл басында бөлісіп жеу. Қазақтың маған ұнайтыны бешбармақты бәрі бір легеннен жейді, ондай бала эгоист болып өспейді. Өте жақсы тәрбие беретін әдет ғұрып.
  5. Бір баланы басқаларынан ерекше көңіл бөліп СУЙМЕУ КЕРЕК. Ол басқа іні сіңілдерінің журегін жаралайды. Қызғаныштық пайда болады.
  6. Балаға сену керек, не жасаса да. Мүмкін балаңыздың математика шешуден қарағанда, футбол тебуге таланты бар шығар Месси сияқты. Не болса да қолдау көрсету, мақтау маңызды, “әне қара жұрттын баласы осы.....ал сен” демей, салыстырмай. Не болсада сену....
  7. Егер нәрестеңіз өзіне сенімді болып өссін десеңіз, олармен ойнау керек. Барлық отбасы мүшелеріне ұнайтын ойын табып, ойын ұйымдастыру. Сіз олдар үшін беделдісіз, ойынағанда сіз тарапынан сыйластықты және өздерінің маңызды екенін түсінеді.
  8. Естелік тақташасын жасау. Бөпеңіздің әр қадамын, жетістіктерін, мұңайғанын, туылған күн сәттерін естелік парақшасына енгізіңіз. Балалық шақ сол сәттерден құралған.
  9. Міндетті түрде дәстүр орнатыңыз. Мысалы: біздің отбасыда әр сенбі күні бәріміз жиналып, көршіден видеомагнитафон жалдап, кино көретінбіз. Кино көретін бөлмені таңертеңнен бастап қалың мата іліп қоямыз, салқын болсын деп түске дейін. Жұмыстың бәрін бітіріп, жыйналамыз, көршілер де келед. Керемет естеліктер.
  10. Сүйіспеншілікпен өсіру. Адамзат одан артық құндылықты әлі таппаған. Махаббат махаббаттан жасалған деп бір қарт апа айтқандай. Махаббатпен баламыздың мінез құлпын қалыптастырамыз, тағдырын шешеміз, өзімізде көп нәрсе үйренеміз олрдан. Кейде біз әр сәттің құнын білмейміз, ол он, жиырма жылдық естелікке айналмағанша.
 
3
2
1426

Осы тақырып бойынша

Ата-аналарға алтын сырға !!! 10 тәрбиелік Іс- әрекет балаларыңызға ұмытпас балалық шақ сыйлайды!!! - Yvision.kz