«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды
«Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Байқауға ата-аналардың өздері жазған, бұған дейін еш жерде жарияланбаған, қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады. Ертегі жанрына ешқандай шектеу жоқ. Ең үздік ертегінің сценарийі бойынша анимациялық мультхикая түсіріледі. Сондай-ақ, жеңімпаз шығармасының кітабы шығарылады. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы. E-mail арқылы хабарласамын десеңіз: [email protected] Егер ертегі дейтін сиқырлы әлемнің шаршамайтын, жалықпайтын «тұрғыны» болсаңыз, ойыңызда қызықты сюжеті, тамаша кейіпкерлері бар хикая жүрсе, міндетті түрді байқауымызға қатысыңыз…



Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен Түркістан қ. ҚІІБ табиғатты қорғау полиция инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында үш браконьерді қолға түсірді.