ОҚО заңсыз арқарларды атқан үшін үш браконьер ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен Түркістан қ. ҚІІБ табиғатты қорғау полиция инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында үш браконьерді қолға түсірді.
Олардан бір жабайы қабан еті мен арқардың 4 ұшасы, 3 ойық ұңғылы, 1 тегіс ұңғылы атыс қаруы, 5 рация, 1 GPS құралы, 3 дүрбі, мылтыққа арналған 1 оптикалық көздегіш, 2 аңшы пышағы, 131 дана мылтық оқтары анықталып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел.: 555-765
e-mail: [email protected]
www.minagri.gov.kz
