Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты

Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан ел біріншілігі аяқталды. Оған Ақмола облысынан басқа барлық өңірлерден 240 палуан қатысты.

Дүбірлі дода нәтижесінде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Қарағанды облысының спортшылары бірінші орын алды.

Екінші орында — 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль ұтқан Қызылорда дзюдошылары. Шығыс Қазақстан облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен үшінші орынға табан тіреді, деп хабарланған ҚР дзюдо федерациясының сайтында.

 
0
0
338

Осы тақырып бойынша

Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты - Yvision.kz