Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды

«Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар.

«Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды.

Байқауға ата-аналардың өздері жазған, бұған дейін еш жерде жарияланбаған, қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады. Ертегі жанрына ешқандай шектеу жоқ.

Ең үздік ертегінің сценарийі бойынша анимациялық мультхикая түсіріледі. Сондай-ақ, жеңімпаз шығармасының кітабы шығарылады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail арқылы хабарласамын десеңіз: [email protected]

Егер ертегі дейтін сиқырлы әлемнің шаршамайтын, жалықпайтын «тұрғыны» болсаңыз, ойыңызда қызықты сюжеті, тамаша кейіпкерлері бар хикая жүрсе, міндетті түрді байқауымызға қатысыңыз!

«Балапанмен» бірге болыңыздар!

0
0
618

Осы тақырып бойынша

«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды - Yvision.kz