Мазмұнға өту

Жаңа

Бейбит Ыстыбаев – победитель турнира «Қазақстан Барысы»

Бейбит Ыстыбаев

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Бейбыт Ыстыбаев из Жамбылской области стал новым чемпионом V сезона республиканского турнира «Қазақстан Барысы». В финале он в тяжелой борьбе одолел сопротивление кызылординца Руслана Абдразакова.

Бронзовым чемпионом турнира стал Гани Сейдильдаев.

Отметим, что призовой фонд V республиканского турнира «Қазақстан Барысы» составляет 225 тыс. долларов США, из них 35 тыс. долларов США предназначены тренерам спортсменов.

Призовой фонд среди палуанов распределится следующим образом:

1 место – 150 тысяч долларов США;

2 место – 30 тысяч долларов США;

3 место – 10 тысяч долларов США.

0
0
383

Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ванкувер қаласында өткен финалдық ойында америкалықтар 5:2 есебімен Жапония құрамасын жеңді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Құрама штат футболшылары қарсыластарының қақпасына ойынның алғашқы 15-минутында төрт голды қатарынан кіргізді.

Бұл әлемдік біріншілік тарихында АҚШ әйелдер құрамасының үшінші, 1999 жылдан бастап бірінші жеңісі.

Әйелдер арасындағы футбол бойынша алғашқы әлем чемпионаты 1991 жылы өткен, содан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келеді.

0
0
338

Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореядағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин оңтүстіккореялық Кванджудағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

Универсиаданың екінші күні Қазақстанға алғашқы «алтын» әкелді. Қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасспен жүзуде ағылшындар Джеймс Уилби мен Крейг Бесоннан алға озып, жеңімпаз атанды.

0
0
220

Мария Шарапова: «Зарина шабуыл бағытын өзгертуге шебер»

Мария Шарапова

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейлік теннисші Мария Шарапова Уимблдонда төртінші раундта өзі ұтқан қазақстандық қарсыласы Зарина Диясты мақтады.

«Екінші партияда ден қою деңгейім әлсіреп кетті. Үшінші геймде екі рет басымдық танытсам да, оны ала алмадым. Кейін өз-өзімді жинап алдым», — деп атап өтті Мария.

«Біздің ойынымыздың өткен матчтан ерекшелігі Заринаның турнир сайын тәжірибе жинақтай түсуінде. Мельбурнмен салыстырғанда, мен бастапқыда мүлдем басқа ойын күткенмін.

Дияс допты төменнен мықты ұрады, әсіресе соққыға дайындалуға уақыт жеткілікті болса қауіпті. Әрі Зарина шабуыл бағытын өзгерту жағынан шебер», — деді Шарапова «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

0
0
297

С.Ахметжанов: Кәсіби аппаратсыз өзге институционалды реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес

Кәсіби аппаратсыз өзге институционалды реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес, деді Мемлекеттік қызметі істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» ҚР Президенті тарапынан Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған алғашқы 15 қадам бекітілген. Осы негізгі мәселелер Мемлекет басшысының шешімімен құрылған бірінші жұмыс тобында талқыланды. Жұмыс тобы жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен бүгінгі таңдағы бүкіл халықаралық шолуға талдау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарды»,-деді С.Ахметжанов. Оның сөзінше, бірінші кезекте Қазақстанның мемлекеттік қызметін жаңғыртудың басты негізқалаушы элементтерінің бірі қазіргі таңд…

0
0
244

С. Ахметжанов: Мемқызметке алғаш рет кіріскелі жатқандар үшін үш кезеңді іріктеу өткізіледі

Мемлекеттік қызметке тұру алғаш рет төменгі қызметтен бастап ашық конкурс өткізумен қамтылатын болады, әр қызметке салалық құзырлығын анықтау, қатаң талаптар қою арқылы үш кезеңдік іріктеу өткізіледі, деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында. «Мемлекеттік қызметке тұру алғаш рет төменгі қызметтен бастап ашық конкурс өткізумен қамтылатын болады, әр қызметке салалық құзырлығын анықтау, қатаң талаптар қою арқылы үш кезеңдік іріктеу өткізіледі. Бірінші кезеңде үміткерлер заң мен құзыретін білуге қатысты тест тапсырады, ары қарай кәсіби бағдарының болуына қатысты әңгімелесу өткізіледі»,- деді С. Ахметжанов. Оның айтуынша, қорытынды кезеңде меморган конкурс өткізіп,…

0
0
411

Қазақстандық барлаушылар «Алтын үкі – 2015» жарысында үздік атанды

«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын үкі – 2015» арнайы мақсаттағы барлау топтарының сегізінші халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Белорусь, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан елдерінен келген барлаушыларбес күн бойы арнайы мақсаттағы таңдаулы бөлімшелердің іс-қимыл машықтарын көрсетті. Қатысушылар ондаған шақырым жерден өту, күндізгі және түнгі уақытта ауыса отырып қолайсыз жағдайда түрлі нысаналарды ату, медициналық және тау даярлығы, кедергі сызықтарын игеру, 30 шақырымға шеру жасау, шым-шытырық қиылысқан жерлерді бағдарлау, жасанды қопарғыш мина ісі және басқа да арнайы іс-шаралардыорындады. Қажырлы және қызу күресте қатысушылар өздерінің әлсіз және пәрменді тұстарын айқындап қана қоймай, сонымен қоса арнайы операцияларды, арнайы мақса…

0
0
737

С. Ахметжанов: Мемлекеттік қызметке кәсіби мамандардың келуін қамтамасыз ету үшін жұмысқа шетелдік менеджерлер қабылданады

Кәсіби білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін жұмысқа келісім-шарт негізінде шетелдік менеджерлер қабылданады, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов ОКҚ-де. «Мемлекеттік қызметтегі лауазымның өсуі конкурстық іріктеу бойынша өтеді, яғни іріктеу мемлекеттік органның өзінің ішкі және барлық мемлекеттік органдардың байқаулары ретінде ұйымдастырылады. Мемлекеттік аппаратттың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби мамандардың мемлекеттік қызметке келуін қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурстар квазимемлекеттік және азаматтық сокторлар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі емес жұмыстағы тәжірибе ескеріледі және үміткер одан әрі Мемлекетттік басқару академиясында бастапқы дайынды…

0
0
382

Астана – арман қала

«Әйел бақыты» хабарында 17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде болған өзгерістер мен жаңалықтар туралы сөз қозғалмақ. Астана күні – жалпыұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Күні кеше ғана Астана тұрғындары мен қонақтары, тұтас Қазақстан халқы қала күнін қуанышпен қарсы алды. 17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде де біршама өзгерістер болды. Шетелдік компаниялармен бір­лескен отандық кәсіпорындардың эко­номикалық ынтымақтастығы нәтижесінде қала экономикасына инвестиция тартуға мүмкіндік туды. Өткен жылдар ішінде шетелдік инвесторлар Халықаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, дипломатия­лық қалашық объектілері, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлт­тық кітапхана, «Хан Шатыр» сау­да-ойын-сауық орталығы және т.б. маңызды нысандар құрылысына айтарлықтай қар…

0
0
221

«Қазақстан барысын» теледидар арқылы 126 ел тамашалады

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында, Астана күні қарсаңында өткізілген «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек дәл осы спорттық турнирдің арқасында халық арасында қазақстан күресіне деген қызығушылығын артқанын атап өтті. Оның айтуынша, «5 жыл ішінде қазақ күресімен шұғылданатын спортшылар қатары екі есеге өсіп, қазіргі күні 120 мың адамға жетті». Сондай-ақ Б.Байбек бұл дода әлемге танымал спорттық шараға айналғанын айтты. Оның дәлелі ретінде Төраға орынбасары «Қазақстан барысын» теледидар арқылы қазақстандық көрермендермен қатар әлемнің 126 елі тамашалап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, биыл қатарынан бесінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы» турниріне еліміздің әр аймағына…

0
0
316