Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

С. Ахметжанов: Мемқызметке алғаш рет кіріскелі жатқандар үшін үш кезеңді іріктеу өткізіледі

Мемлекеттік қызметке тұру алғаш рет төменгі қызметтен бастап ашық конкурс өткізумен қамтылатын болады, әр қызметке салалық құзырлығын анықтау, қатаң талаптар қою арқылы үш кезеңдік іріктеу өткізіледі, деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

«Мемлекеттік қызметке тұру алғаш рет төменгі қызметтен бастап ашық конкурс өткізумен қамтылатын болады, әр қызметке салалық құзырлығын анықтау, қатаң талаптар қою арқылы үш кезеңдік іріктеу өткізіледі. Бірінші кезеңде үміткерлер заң мен құзыретін білуге қатысты тест тапсырады, ары қарай кәсіби бағдарының болуына қатысты әңгімелесу өткізіледі»,-  деді С. Ахметжанов.

Оның айтуынша, қорытынды кезеңде меморган конкурс өткізіп, нақты бір қызмет бойынша әңгімелесу жүргізеді.

«Осылайша бұл үлгі бұрынғысынан ерекшеленеді, оның ерекшелігі сол біз ең дайындығы жоғары, әдепті және кәсіби үміткерлерді іріктеп аламыз. Алғаш рет мемқызметке кіріскелі жатқандар  төменгі қызметтерге үміткер болады: сарапшылар, мамандар. Мемқызмет бойынша ары қарай көтерілу конкурстық іріктеу негізінде өтетін болады», - деді ол.

«Мемлекеттік қызметтегі лауазымның өсуі конкурстық іріктеу бойынша өтеді, яғни іріктеу мемлекеттік органның өзінің ішкі және барлық мемлекеттік органдардың байқаулары ретінде ұйымдастырылады. Мемлекеттік аппаратттың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби мамандардың мемлекеттік қызметке келуін қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурстар квазимемлекеттік және азаматтық сокторлар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі емес жұмыстағы тәжірибе ескеріледі және үміткер одан әрі Мемлекетттік басқару академиясында бастапқы дайындықтан өтеді»,-деді С.Ахметжанов.

Бұған қоса, келісім-шарт негізінде және жарғы тәртіптері бойынша, штаттан тыс шетелдік менеджерлер жұмысқа қабылданады, оларды жалдау бойынша ерекше тәртіп қарастырылады. «Мұндай тәжірибе Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бар. Шетелдік менеджерлердің арасынан таңдап алынған мемлекеттік органдардың жетекшілері Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия тарапынан және тексерулердің нәтижесінде іріктелетін болады»,-деді ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
404

Осы тақырып бойынша

С. Ахметжанов: Мемқызметке алғаш рет кіріскелі жатқандар үшін үш кезеңді іріктеу өткізіледі - Yvision.kz