С. Ахметжанов: Мемлекеттік қызметке кәсіби мамандардың келуін қамтамасыз ету үшін жұмысқа шетелдік менеджерлер қабылданады
Кәсіби білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін жұмысқа келісім-шарт негізінде шетелдік менеджерлер қабылданады, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов ОКҚ-де.
«Мемлекеттік қызметтегі лауазымның өсуі конкурстық іріктеу бойынша өтеді, яғни іріктеу мемлекеттік органның өзінің ішкі және барлық мемлекеттік органдардың байқаулары ретінде ұйымдастырылады. Мемлекеттік аппаратттың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби мамандардың мемлекеттік қызметке келуін қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурстар квазимемлекеттік және азаматтық сокторлар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі емес жұмыстағы тәжірибе ескеріледі және үміткер одан әрі Мемлекетттік басқару академиясында бастапқы дайындықтан өтеді»,-деді С.Ахметжанов.
Бұған қоса, келісім-шарт негізінде және жарғы тәртіптері бойынша, штаттан тыс шетелдік менеджерлер жұмысқа қабылданады, оларды жалдау бойынша ерекше тәртіп қарастырылады. «Мұндай тәжірибе Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бар. Шетелдік менеджерлердің арасынан таңдап алынған мемлекеттік органдардың жетекшілері Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия тарапынан және тексерулердің нәтижесінде іріктелетін болады»,-деді ол.
«100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» ҚР Президенті тарапынан Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған алғашқы 15 қадам бекітілген. Осы негізгі мәселелер Мемлекет басшысының шешімімен құрылған бірінші жұмыс тобында талқыланды. Жұмыс тобы жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен бүгінгі таңдағы бүкіл халықаралық шолуға талдау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарды»,-деді С.Ахметжанов.
Оның сөзінше, бірінші кезекте Қазақстанның мемлекеттік қызметін жаңғыртудың басты негізқалаушы элементтерінің бірі қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің өсім үлгісі болып табылады. «Әлемді мемлекеттік қызметтің екі үлгісі бар екендігін айта кету керек. Біріншісі, карьера, яғни қызметтегі өсім үлгісі, ол Германия Жапония сияқты мемлекеттерге тән. Ол бойынша мемлекеттік қызметке қабылданғанда тек ең төменгі сатыдағы қызметтер беріліп, одан әрі қызметкер жоғары лауазымдарға бірте-бірте сатылап жететін болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтің арасында жүрмей тұрып, жоғары лауазым иесі атану мүмкін емес»,-деді С.Ахметжанов.
Оның айтуынша, екінші жүйе – көзқарастық «ашық алаң, яғни мұнда ең төменгі, орта тіпті жоғары лаузаымдағы қызметтерге орналасуға болады, әрине ашық конкурс арқылы. Мұндай жүйе АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде бар. Кәсіби мемлекеттік аппаратсыз өзге реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес», -деді төрағаның орынбасары.
