Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ванкувер қаласында өткен финалдық ойында америкалықтар 5:2 есебімен Жапония құрамасын жеңді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Құрама штат футболшылары қарсыластарының қақпасына ойынның алғашқы 15-минутында төрт голды қатарынан кіргізді.
Бұл әлемдік біріншілік тарихында АҚШ әйелдер құрамасының үшінші, 1999 жылдан бастап бірінші жеңісі.
Әйелдер арасындағы футбол бойынша алғашқы әлем чемпионаты 1991 жылы өткен, содан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келеді.

