Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана
ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Отбасылық құндылықтар туралы ой өрбіткен Жазира Байырбекова: «Отбасының беріктігі кешірімділікпен сақталады. Ер мынадай, әйел мынадай болуы керек деп, кесіп айту қиын. Себебі, әр адамның мінезі әр түрлі»,-дейді. Ал, Жанболат Ербатыров: «Отбасылық өмірге қадам баспас бұрын әр адам өзіне үлкен жауапкершілік алғаны дұрыс»,-деген пікірде. Жазира Байырбекованың орындауындағы соңғы әннің бірі «Майлықожаның термесіне» тоқталған әнші: «Халық әндеріне аз да болса, үлес қосайық деген ниетпен осы туындыға бейнебаян түсірдік. Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана. Әзірге жастарға ұнап жатыр»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
