ҚР Ұлттық банк айырбастау бағамының дәлізін долларына 198 теңгеге кеңейтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін ағымдағы 185+3/-15 теңгеден 185+13/-15 теңгеге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады, деді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде. «Ортамерзімді перспективада инфляциялық таргеттеуге өту шеңберінде барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатын жалғастыру мақсатында және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының іс жүзінде валюталық дәліздің жоғарғы шегіне жету фактісін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін ағымдағы 185+3/-15 теңгеден 185+13/-15 теңгеге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады», - деді Қ.Келімбетов. Ұлттық Банк 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге ас…




