ҚР Ұлттық банк айырбастау бағамының дәлізін долларына 198 теңгеге кеңейтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін ағымдағы 185+3/-15 теңгеден 185+13/-15 теңгеге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады, деді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
«Ортамерзімді перспективада инфляциялық таргеттеуге өту шеңберінде барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатын жалғастыру мақсатында және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының іс жүзінде валюталық дәліздің жоғарғы шегіне жету фактісін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін ағымдағы 185+3/-15 теңгеден 185+13/-15 теңгеге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады», - деді Қ.Келімбетов.
Ұлттық Банк 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған және одан әрі де жүзеге асыруға ниетті неғұрлым икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясаты экономикадағы доллар бағамының өзгеруін күтулердің жинақталу тәуекелін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
«Ұлттық Банк айырбастау бағамының еркін өзгермелі режіміне 2017 жылдан ерте емес көшуді жоспарлап отыр. Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және айырбастау бағамының күрт ауытқуын және қысқамерзімді құбылмалылығын реттеу үшін жүзеге асырылатын валюталық интервенцияларды жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысуды жалғастыратын болады», - деді ол.
Айта кетейік, валюталық дәлізді Ұлттық Банк жүзеге асырып жатқан барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатының шеңберінде кеңейту ұлттық экономиканың сыртқы бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру және кредиттік белсенділігін ұлғайту үшін алғышарттар жасайды, бұл, өз кезегінде, экономикалық өсудің жақсаруына және елде еңбекпен қамтудың жақсаруына жәрдемдесетін болады.
Сонымен қатар, ҚР-да 2015 жылы инфляция дңгейі бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1,4 пайызды құрады, 2015 жылдық көрсеткіште – 3,9 пайызға жетті, деді Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингте.
«Біз 2015 жылдың инфляциясы 6-8 пайыз дәлізінде болды. Жалпы, инфляциялық үрдістер Қазақстанда бәсеңдеуде. Маусым бойынша ол 0,1 пайызға төмендеді. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша инфляция 1,4 пайызды құрады, 2015 жыл туралы толық айтсақ, ол 3,9 пайызға тең. 2014 жылдың инфляциясы 7,4 пайызға тең болатын», - деді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен шараларының қорытындысы болды. Атап айтсақ, Қазақстанда бағаның тұрақтылығы мен валюта бағамының тұрақтылығы айырбасы қамтамасыз етілді.
«Ұлттық банк бекіткен 2020 жылға дейінгі ақшалай-несиелік саясаттың мақсаты құнсыздану деңгейін 3-4 пайызда ұстау. Бұған біздің жұмысымыз бағытталмақ. 3-4 жыл ішінде біз бұл ауысуды жүзеге асырмақпыз»,- деді ол.
